Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.09.2020

Қызметтер

Индер ауданының Мұқановтар ұстаздар әулеті

Индер ауданының Мұқановтар ұстаздар әулетіИндер ауданының Мұқановтар ұстаздар әулетін Мұқан Марат Мәжікенұлы бастайды. Ұстаздық кәсіп үш буынды құрайды.

35 жыл ұстаздық еткен Марат Мәжікенұлы Махамбет ауданы Таңдай селосында физика және дене тәрбиесінен сабақ беріп, Индер ауданының Б.Нысанбаев орта мектебінде ұстаздықты жалғастырды. Қазақстан Республикасы Білім беру және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

Зайыбы Ахметова Рысты Әмреқызы Индер ауданы Б.Нысанбаев орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасаған. Педагогикалық стажы - 33 жыл.

Олардың қыздары Ақбөбек Маратқызы - Атырау мұнай және газ университетінің аға оқытушысы; ұлдары Хабиболла Маратұлы - Индер ауданы Б.Нысанбаев атындағы орта мектебінің бейнелеу өнері, сызу, технология пәндерінің мұғалімі. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 4 курс студенті, немересі Эльза - ұстаздық әулеттің ғұмырын жалғастырушы болса, әулеттің үш келіні де ұстаздар қатарын толықтырып отыр.

 

 

 


Мақаланың шыққан күні: 09.11.2017 00:51

Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.11.2017 11:44

Қаралым саны: 1604