Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.09.2020

Қызметтер

Қызылқоға ауданының Есенғалиевтер ұстаздар әулеті

ҚызылқоғаҚызылқоға ауданының Есенғалиевтер әулетінің ұстаздық ғұмыры Ғинаятолла Есенғалиевтен басталады.

Ұлы Отан соғысына қатысып, лейтенант шенінде 1946 жылы оралған майдангер Ғинаятолла Есенғалиев Орал педагогика училищесінде білім алды. Ұстаздық пен өнерді қатар ұстаған Ғинаятолла ағай ұзақ жылдары Қызылқоға ауданының Миялы селосындағы Ворошилов мектебінде, Соркөл, Мұқыр орта мектебінде бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі болып жұмыс жасайды. Осы жылдарда Гурьев педагогикалық институтынан тарих мамандығына ие болды. «Құрмет белгісі» орденінің, «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері», «Халық ағарту ісінің үздігі» төсбелгілерінің иегері.

Дүниеден өтсе де, елі үшін жасаған еңбегін ұрпақтары жалғастырып келеді. Ұл-қыздары Разия, Ибрагим, Асқар, Әмірғали, Зиза - білім саласының майталман мамандары.

Немерелері Гүлбаһрам - Астана қаласындағы балабақшада ағылшын тілінен сабақ береді; Гаухар - Мұқыр орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен, Інжумаржан - Н.Назарбаев зияткерлік мектебінде хореография пәнінен, Ботакөз - Атырау индустриалды колледжіне ағылшын тілінен сабақ береді, Гүл-Айкөркем - Жамбыл атындағы орта мектептің психологы.

 

 

 

 

 


Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.11.2017 01:53

Қаралым саны: 1874