Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.11.2017

Қызметтер

Қарабалиндер әулеті

«Еңбек жолы» республикалық конкурсыҚарабалиндер әулеті

1. Карабалин Махмет- әулет басшысы, зейнеткер 87 жаста,

2.Карабалин Сағызбай Махметұлы – Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жастар театрының актері, режиссері еңбек өтілі 45 жыл;

3.Қарабалина Сағымгүл – М.Әуезов атындағы театрдың администраторы, еңбек өтілі 30 жыл;

4.Қарабалина Асел Сағызбайқызы – М.Өтемісұлы атындағы театр гримерші, еңбек өтілі 19 жыл;

5.Қарабалин Әлібек Сағызбайұлы - Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жастар театрының дыбыс режиссері, еңбек өтілі 5 жыл;

6.Қарабалин Асет Жолдасұлы – «Заман» тобының әншісі, еңбек өтілі 12 жыл;

7. Жолдасова Ғазиза Жолдасқызы – Атырау қаласы №31 мектептің музыка пәнінің мұғалімі, еңбек өтілі 2 жыл;

8.Сафуанова Гүлнұр Нұрмағанбетқызы – Н.Жантөрин атындағы филармония бишісі, еңбек өтілі 2 жыл;

9.Қарабалин Алмас-Булат Махмутович– «Самал» мәдениет үйі жанындағы халық театрының режиссері, еңбек өтілі 25 жыл;

10.Қарабалина Қымбат Мағзомқызы – «Самал» мәдениет үйі жанындағы отбасылық халықтық ұжым режиссері,еңбек өтілі 8 жыл;

11.Махмут Есет Алмас-Булатұлы – «Қоныстану» балалар өнер мектебінің мұғалімі, домбырашы, еңбек өтілі 6жыл;

12.Қуанышқалиева Самал Кұрманғазықызы – «Қоныстану» балалар өнер мектебінің мұғалімі, қобызшы, еңбек өтілі 6 жыл;

13.Махмут Бекет Алмас-Булатұлы – әнші, Б.Аманшин атындағы орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі, еңбек өтілі 4 жыл

14.Елеуова Мөлдір Есенқызы- хореограф, еңбек өтілі 5 жыл

Кәсіпорын: Мәдениет, өнер саласы

Номинация: Үздік еңбек әулеті

Отбасы мүшелерінің және туған-туыстарының саны: 15

Әулет мүшелерінің жалпы еңбек өтілі: 169 жыл

Қысқаша сипаттамасы: Әулет басшысы Карабалин Махмет ауыл шаруашылығы саласында қызмет еткен. Еңбек және тыл ардагері. Қызылқоға ауданының құрметті азаматы. Өмірлік жұбайы Карабалина Агиба екеуі отбасын құрғандарына 64 жыл толған. Екеуі 10 бала тәрбиелеп, 38 немере мен 21 шөбере көріп отырған бақытты абыз қариялар.

Балалары мен немерелері мәдениет, өнер саласында қызмет істеп келеді. Қарабалин Сағызбай –Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері.

Әулет мүшелері мәдениет, өнер саласына сіңірген еңбектері үшін 2016 жылдың қорытындысымен «Жылдың үздік режиссеры» атанды, республикалық «Саз әлемі» ән байқауының жеңімпазы, «Алтын домбыра» байқауының лауреаты, республикалық «Жезкиік» қобызшылар байқауының иегері, лауреаты және бірнеше медальдармен, алғыс хаттармен марапатталды.

Байланыс деректері: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы тел.8(712238)21543,21559.


Мақаланың шыққан күні:: 14.08.2017 02:43
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 14.08.2017 02:43