Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.04.2020

Қызметтер

Ғазез Қабдеш әулеті

Династия Газез КабдешӘулеттің басшысы Ғазез Қабдеш 1962 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында дүниеге келген. Орал педагогикалық институтының көркем-графика факультетін бітіргеннен кейін еңбек жолын туған жерінен бастады. Өз мамандығының майталманы. Ағаштан, металдан, былғарыдан бұйымдарды әзірлеу барысында халықтың салт-дәстүрлерін сақтай отырып, оқушыларды қол өнерге баулумен айналысады. Жұмыста жеткен жетістіктері үшін республикалық, облыстық Құрмет грамоталарымен, дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды.

Ғ.Қабдештің еңбек әулеті ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысады, әулеттің отбасы мүшелері жастардың кәсіптік бағдарлауын қолдайды, еңбекке құрметпен қарауды және өз мамандықтарын насихаттайды. Өмірлік жұбайы Гүлжәмила Қаржаубай екеуі отбасын құрғандарына 31 жыл толған. Еңбек әулеті жергілікті тұрғындар арасында және ұжымда үлкен кұрметке ие. Әулет мүшелерінің саладағы жалпы жұмыс өтілі 35 жыл.

 

 

 


Мақаланың шыққан күні: 02.07.2019 15:05

Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.07.2019 16:02

Қаралым саны: 1831