Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
12.07.2020

Қызметтер

Жылыой ауданының Қиықовтар ұстаздар әулеті

Жылыой ауданының Қиықовтар ұстаздар әулетінің негізін салушы – Жылқыбаев Бержан Қиықұлы.

Бержан Қиықұлы сонау 40-жылдары еңбек жолын қарапайым мұғалімдіктен бастап, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры лауазымдарында қызмет атқарған. Ұлы Отан соғысының ардагері.

Зайыбы Қажығалиева Қазиза да Махамбет ауданы мектептерінде ұстаз болып жұмыс жасады.

 

Ұлдары Қиықов Сағынбай Бержанұлы мен қыздары Нұржамал Бержанқызы - ұстаздық мамандықты кәсіп еткен абзал жандар.

Сағынбай Бержанұлының зайыбы Күнзия Сүндетқызы да №3 орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі болды. Бүгінге Сағынбай Бержанұлының қыздары Айгүл Сағынбайқызы бастауыш сынып мұғалімі болса, Жазира Сағынбайқызы - ағылшын тілі маманы.

Немересі Бержан Назира - Жылыой ауданы №8 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.

 


Мақаланың шыққан күні: 09.11.2017 01:29

Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.11.2017 01:29

Қаралым саны: 1119