Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
12.08.2020

Қызметтер

Ел нышандары балаларды да бей-жай қалдырмайды

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігін паш ететін, әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Қасиетті Отанның өзі мемлекеттік Тудан, Елтаңба мен әнұраннан бастау алады. Оларды жүрегіне басып, маңдайына тигізіп, қадірлеу арқылы егемен елдің еңселі азаматтар қалыптасады. Әрбір Қазақстандық Республика Туын, Елтаңбасын, Әнұранын ардақтап қастерлеуге тиіс. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу әрбір азаматтың Отан алдындағы қасиетті борышы болуы керек.

Мектепке дейінгі мекемелердегі кішкентай бүлдіршіндер Әнұранды естігенде әдемі көңіл күйде болады. Ұйымдастырылып өткізілетін тәрбиелік шаралар кезінде көк туды желбіретіп, кішкентай ғана қолдарын жүрек тұстарына ұстап шырқағанда, сүйсініп қарап, шаттыққа бөленесің.

Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт –санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман – тілегін ерекше құнды белгілер. Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тұтқасы болар бүгінгі бүлдіршіндеріміздің бойына отан сүйгіштікті, Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және бабаларымыздың ақжолтай аманаты – қасиетті тәуелсіздігімізді сақтай білуге, отанын қорғауға дайын болуға, мемлекетіміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу болып табылады.

 

Б.Жұмабаева, МКҚК «Нұр – Шуақ» бөбекжай балалар

бақшасының меңгерушісі


Мақаланың шыққан күні: 06.06.2019 17:39

Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.06.2019 17:39

Қаралым саны: 739