Array Атырау облысы, Жылыой аудандық мәслихатының №8 сайлау округі бойынша депутаты | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.03.2017

Қызметтер

Атырау облысы, Жылыой аудандық мәслихатының №8 сайлау округі бойынша депутаты

Атырау облысы, Жылыой аудандық мәслихатының №8 сайлау округі бойынша депутатыБегайсова Мәриям Әмірханқызы – 1961 жылы 16 желтоқсанда Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қосшағыл селосында дүниеге келген.

Ұлты қазақ.

Білімі арнаулы- орта. 1992 жылы «Алматы кеңес сауда» техникумын бітірген. Мамандығы – коммерциялық тауартанушы және азық-түлік тауарлары саудасын ұйымдастыру.

Еңбек жолын 1979 жылы Жылыой ауданы, Құлсары мұнай-битум заводында оператор болып бастаған.

1981-1993 жылдар аралығында Қаратон, Құлсары поселкелерінде «Жұмысшыларды жабдықтау бөлімінде» дүкенші, дүкен меңгерушісі, 1991-1994 жылдар аралығында – Жылыой ауданы, Теңіз поселкесі «Теңіз сауда қызмет көрсету орталығында» дүкен меңгерушісі болып қызметін атқарған.

1994 жылдан күні бүгінге дейін жеке кәсіпкерлікпен айналысады.

Жылыой аудандық мәслихатының 6 шақырылымының депутаты.

Отбасылы. 5 бала тәрбиелеп отыр.


Мақаланың шыққан күні:: 31.08.2016 16:24
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 31.08.2016 16:24