Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.08.2017

Қызметтер

Атырау облысы, Жылыой аудандық мәслихатының №7 сайлау округі бойынша депутаты

Атырау облысы, Жылыой аудандық мәслихатының №7 сайлау округі бойынша депутатыЖақашев Үмбетқали Құсайынұлы - 1951 жылы 22 қаңтарда Атырау облысы , Жылыой ауданы, Тұрғызба селосында дүниеге келген.

Ұлты – қазақ. Білімі -жоғары.

1993 жылы Алматы халық шаруашылық институтын бітірген. Мамандығы – тауартанушы.

Еңбек жолын 1965 жылы Ембі кеңшарында трактор жүргізушісі болып бастаған.

1972-1982 жылдар аралығында Қарақұм кеншарында №3 трактор бригадасының Комсомол жастар бригадасының жетекшісі, Бейнеу аудандық тұтынушылар қоғамында автолавка меңгерушісі болып жасаған. Маңғыстау облысы , Бейнеу аудандық Партия комитетінің пленум мүшесі болып сайланған.

1982-1993 жылдар аралығында «Прорванефть» МГӨБ, «Тенгизнефть» МГӨБ жұмысшылар жабдықтау бөлімінде база меңгерушісі және кәсіподақ комитетінің төрағасы, жұмысшылар жабдықтау бөлімінің сауда жөніндегі орынбасары, бастығы қызметтерін атқарған.

1993-2007 жылдарда «Қуан» ЖШС-нің бас директоры болып жұмыс жасаған.

2007 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясы Жылыой аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет атқарады.

Жылыой аудандық мәслихатының 4 , 5 , 6 шақырылымының депутаты.

Отбасылы, 8 бала тәрбиелеп отыр.


Мақаланың шыққан күні:: 31.08.2016 16:12
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 31.08.2016 16:12