Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
18.10.2017

Қызметтер

Атырау облысы, Жылыой аудандық мәслихатының №5 сайлау округі бойынша депутаты

Атырау облысы, Жылыой аудандық мәслихатының №5 сайлау округі бойынша депутатыСисенов Айтпай Фандыбайұлы – 1967 жылы 22 наурызда Атырау облысы , Жылыой ауданында дүниеге келген. Ұлты - қазақ.

Білімі- жоғары. 1992 жылы Алматы автомобиль-жол институтын бітірген. Мамандығы – жол-құрылыс инженері.

Еңбек жолын 1983 жылы Жылыой ауданы , Ембі аудандық тұрмыстық комбинатының мастер шеберінің көмекшісі болып бастаған.

1992–1997 жылдар аралығында Жылыой ауданындағы «ТеңізМұнайГаз» Технологиялық Көлік Басқармасында слесарь, механик, автоколоннаның бастығы қызметтерін атқарған.

1997 -1998 жылдар аралығында Жылыой ауданындағы «Ильясов және Компания» ЖШС-нің бас механигі болып қызмет атқарған.

2002–2009 жылдар аралығында Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы «ИнтерТаско» ЖШС-гі директорының орынбасары, өндірістік техника бөлімінің инженері болған.

2009 жылдан бастап «ИнтерТаско» ЖШС-нің бас директоры болып қызмет атқарады.

Жылыой аудандық мәслихатының 6 шақырылымының депутаты.

Отбасылы, 3 бала тәрбиелеуде.


Мақаланың шыққан күні:: 31.08.2016 15:42
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 31.08.2016 15:42