Array Атырау облысы, Жылыой аудандық мәслихатының №4 сайлау округі бойынша депутаты | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.04.2017

Қызметтер

Атырау облысы, Жылыой аудандық мәслихатының №4 сайлау округі бойынша депутаты

Атырау облысы, Жылыой аудандық мәслихатының №4 сайлау округі бойынша депутатыМұқанов Аманбек Сарыбекұлы – 1980 жылы 16 қазанда Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келген. Ұлты -қазақ.

Білімі- жоғары. 2004 жылы Атырау мұнай және газ институтын бітірген. Мамандығы – инженер-механик.

Еңбек жолын 1999 жылы Жылыой ауданы, Теңіз поселкесі «Бехтел-Энка» мекемесінде аудармашы, техникалық қауіпсіздігі инженері болып бастады.

2001-2006 жылдар аралығында Жылыой ауданы, Теңіз поселкесі «Сенімді-Құрылыс» ЖШС-де ТҚ инженері, ТҚ супервайзер болып қызмет атқарған.

2006-2011 жылдар аралығында Жылыой ауданы, Теңіз поселкесі «Сапастройсервис ИК» ЖШС-і директорының орынбасары, «Жылыойтранссервис» ЖШС-ің директоры қызметтерін атқарды.

2011-2012 жылдар аралығында Жылыой ауданы , Құлсары қаласы жеке кәсіпкер, 2012 жылдан бастап «МұқанСервис» ЖШС-нің директоры болып қызмет атқарады.

Жылыой аудандық мәслихатының 6 шақырылымының депутаты.

Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп отыр.


Мақаланың шыққан күні:: 31.08.2016 15:30
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 31.08.2016 15:30