Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.09.2017

Қызметтер

Атырау облысы, Жылыой аудандық мәслихатының №1 сайлау округі бойынша депутаты

Атырау облысы, Жылыой аудандық мәслихатының №1 сайлау округі бойынша депутатыҚондыбаев Нұрлан Жаңабайұлы – 28 қазан 1966 жылы Атырау облысы , Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылында дүниеге келген. Ұлты -қазақ.

Білімі- жоғары. 1987 жылы Ақтөбе теміржол транспорты техникумын бітіріп техник-теміржолшы мамандығын, 2003 жылы Қ.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітіріп инженер-механик мамандықтарын алған.

1987-1997 жылдары Жылыой ауданы Құлсары қаласының Өндірістік - техникалық басқару байланыс цехының бастығы, 1997-2004 жылдары «Казкомсервис» ЖШС-де бөлім бастығы, 2004-2008 жылдар аралығында «ОРЛАН» ЖШС-де директордың орынбасары, 2008-2011 жылдар аралығында «ОРЛАН» ЖШС-де директор, 2011-2012 жылдары Жылыой ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2012 жылдан бастап күні бүгінге дейін «ОРЛАН» ЖШС-нің директоры болып қызмет атқарып келеді.

Жылыой аудандық мәслихатының 6 - шы шақырылымының депутаты.

Отбасылы , 3 баласы бар.


Мақаланың шыққан күні:: 31.08.2016 12:46
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 31.08.2016 12:46