Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.11.2017

Қызметтер

Атырау облысы, Жылыой аудандық мәслихатының №14 сайлау округі бойынша депутаты

Атырау облысы, Жылыой аудандық мәслихатының №14 сайлау округі бойынша депутатыМайлыбаев Талғат Қабдешұлы - 1976 жылы 17 мамырда Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келген. Ұлты- қазақ.

Білімі-жоғары. 2000 жылы Москва қаласындағы Қазіргі заманғы Гуманитарлық Институтының юриспруденция факультетін бітірген. Мамандығы - заңгер.

Еңбек жолын «ҚазМұнайГаз «Барлау Өндіру» АҚ-на қарасты «Ақниет-Ембі» ЖШС-нде заңгер қызметкері болып бастаған. 2003-2004 жылдар аралығында жетекші инженер-экономист, 2004-2006 жылдар аралығында директордың орынбасары.

2006 жылы «Ембімұнайгаз» ӨФ-на қарасты өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау басқармасына қарасты Құлсары қаласының материалдық-техникалық жабдықтау базасының бастығының орынбасары, 2006-2007 жылы «ҚазМұнайГаз «Барлау Өндіру» АҚ-на қарасты «Ақниет-Ембі» ЖШС-нде директорының орынбасары, 2007-2008 жылдар аралығында осы серіктестіктің директоры міндетін атқарушы.

2008 жылдың қазаннан бастап «Ембімұнайгаз» ӨФ-на қарасты өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау басқармасына қарасты Құлсары базасының бастығы қызметін атқарып келеді.

Жылыой аудандық мәслихатының 5 , 6 шақырылымының депутаты.

Отбасылы, 3 бала тәрбиелеуде.


Мақаланың шыққан күні:: 31.08.2016 17:41
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 31.08.2016 17:41