Array Атырау облысы, Жылыой аудандық мәслихатының №13 сайлау округі бойынша депутаты | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.04.2017

Қызметтер

Атырау облысы, Жылыой аудандық мәслихатының №13 сайлау округі бойынша депутаты

Атырау облысы, Жылыой аудандық мәслихатының №13 сайлау округі бойынша депутатыБалжігітов Сейтжан Қапанұлы 1976 жылы 21 қазанда Атырау облысы , Жылыой ауданы , Шоқпартоғай селосында дүниеге келген. Ұлты- қазақ.

Білімі жоғары. 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген. Мамандығы – зооинженер.

Еңбек жолын 1993 жылы Жылыой ауданы , Ембі кең шарында жылқышының көмекшісі болып бастаған.

1994-1995 жылдар аралығында Жылыой ауданы , Қазақстан совхозында шопан көмекшісі, 1995-2006 жылдар аралығында Жылыой ауданы , Шоқпартоғай ауылы «Достан Ата» шаруа қожалығында маман болып қызмет атқарды.

2006 жылдан бастап «Достан Ата» шаруа қожалығының жетекшісі болып қызмет атқарады.

Жылыой аудандық мәслихатының 6 шақырылымының депутаты.

Отбасылы , 5 бала тәрбиелеп отыр.


Мақаланың шыққан күні:: 31.08.2016 17:20
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 31.08.2016 17:20