Array Атырау облысы, Жылыой аудандық мәслихатының №11 сайлау округі бойынша депутаты | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.04.2017

Қызметтер

Атырау облысы, Жылыой аудандық мәслихатының №11 сайлау округі бойынша депутаты

Атырау облысы, Жылыой аудандық мәслихатының №11 сайлау округі бойынша депутатыБешімов Асылбек Наурызғалиұлы - 1966 жылы 8 қазанда Атырау облысы, Жылыой ауданы, Сарқамыс поселкесінде мұнайшылар жанұясында дүниеге келген. Ұлты- қазақ.

Білімі- жоғары. 1991 жылы Москва қаласындағы Губкин атындағы мұнай институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы Құлсары мұнай құбыры басқармасында «Құлсары» желілік өндірістік-диспетчерлік стансасының технологиялық жабдықты жөндеу жөніндегі жөндеуші болып бастады.

1991-2000 жылдары Құлсары мұнай құбыры басқармасында мұнай-газ құбырларын пайдалану инженері, «Теңіз» желілік өндірістік-диспетчерлік стансасының ауысым бастығы, магистралдық құбырларды пайдалану қызметінің жетекші инженері, бас маманы, бастығы, апаттық-қалпына келтіру пунктінің бастығы сияқты лауазымдарда қызмет етті.

2002 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Батыс филиалы басшылығының шешімімен Орал мұнай құбыры басқармасының бас инженері лауазымына тағайындалып, 2006 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін , Құлсары мұнай құбыры басқармасының бастығы қызметін абыроймен атқарып келеді.

Жылыой аудандық мәслихатының 6 шақырылымының депутаты.

Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп отыр.


Мақаланың шыққан күні:: 31.08.2016 17:00
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 31.08.2016 17:00