Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
22.11.2017

Қызметтер

Атырау облысы, Жылыой аудандық мәслихатының №10 сайлау округі бойынша депутаты

Атырау облысы, Жылыой аудандық мәслихатының №10 сайлау округі бойынша депутатыНаукенов Махсот-1964 жылы 8 қаңтарда Атырау облысы , Жылыой ауданы , Қосшағыл ауылында дүниеге келген.Ұлты - қазақ.

Білімі- жоғары. 1986 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, 2007 жылы Атырау мұнай және газ институтын бітірген. Мамандығы - тау- кен инженері, мұнай ісі бакалавры.

Еңбек жолын 1986 жылы Қарағанды қаласы , Қарағанды геологиябарлау экспедициясында бұрғылау мастері болып бастады.

1987-1999 жылдар аралығында Жылыой ауданы «Құлсарымұнай» МГӨБ Қосшағыл кенішінің мұнай және газ өндіру операторы, мастер, аға инженер болып жұмыс атқарған.

1999-2007 жылдар аралығында «Құлсарымұнай» МГӨБ-да ОИТҚ-і бастығының орынбасары бас технолог, 2008-2010 жылдар аралығында - Мақат ауданы Доссор поселкесі «Доссормұнайгаз» МГӨБ-та бас инженер, ОИТҚ бастығы ӨТЖ басшысы қызметтерінде болды.

2010-2014 жылдар аралығында Жылыой ауданы Құлсары қаласы «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Прорва топтық кешенін өндірістік басқармасының бас технологы болып жұмыс атқарды.

2014 жылдан бастап «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ-ның бастығы болып қызмет атқарады.

Жылыой аудандық мәслихатының 6 шақырылымының депутаты.

Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп отыр.


Мақаланың шыққан күні:: 31.08.2016 16:43
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 31.08.2016 16:43