Array №9 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.03.2017

Қызметтер

№9 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты

Думлер Александр ФилипповичАтырау облыстық мәслихатының депутаттығына

№9 сайлау округі бойынша кандидат Думлер Александр Филипповичтің

ӨМІРБАЯНЫ

Думлер Александр Филиппович 1955 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасы Қарағанды облысы Қарағанды қаласында дүниеге келді. Ұлты – неміс. 1972 жылы мектепті аяқтағаннан кейін Қарағанды мемлекеттік медициналық институтына санитарлық дәрігер мамандығы бойынша түсті. 1978 жылы ЖОО аяқтағаннан кейін Гурьев (Атырау) облысына жұмысқа жіберілді. 1978-1989 жылдарда облыстағы санэпидқызметі мекемелерінде, қалалық, облыстық СЭҚ-де, Гурьев облыстық атқару комитеті ІІБ-ның медқызметінде әртүрлі лауазымдарды атқарды. 1989-1999 жылдары – Атырау қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

1992-1993 жылдары венгриялық ұлттық кәсіби патология және еңбекті қорғау институты (Будапешт қ.) және Халықаралық менеджмент және экология институты (Бад-Гарцбург қ., Германия) базасында сынақ мерзімінен өтті. 1999 жылдан бастап – Қазақстанның қоғамдық неміс ұйымдары Қауымдастығының Атырау облысындағы өкілі. 2011 жылдан бастап «Дезинфекция» АҚ-ның 1-ші тете-президенті, 2007 жылдан бастап «Атырау облыстық дезинфекция» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары.

1995-1997 жылдары Атырау облысы бойынша Қазақстан халықтары Кіші Ассамблеясы төрағасының орынбасары, 2000 жылдан бастап Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі. 2003-2007 жылдары ІІІ шақырылымдағы Атырау қалалық мәслихатының, 2007-2016 жылдары IV және V шақырылымдағы Атырау облыстық мәслихатының депутаты. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

1989 жылдан бастап «Видергебурт» неміс этномәдени бірлестігінің төрағасы. 1999 жылдан бастап Қазақстан немістері Кеңесі президиумының және ТМД немістері Конгресінің мүшесі, 2007 жылдан бастап Қазақстан немістері Қауымдастығы төрағасының орынбасары.

Отбасылы. Жолдасы – Думлер Вера Антоновна, 1956 жылы туған, зейнеткер. Қызы – Думлер Елена Александровна, 1980 жылы туған.

Өзінің кәсіби және қоғамдық қызметі үшін бірнеше рет көтермеленді, «ІІ дәрежелі Достық» және «Құрмет» ордендерінің иегері, медальдермен, Атырау облысы және Атырау қаласының Құрмет грамоталарымен марапатталған. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі.


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 15:13
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 08.09.2016 16:42