Array №8 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.03.2017

Қызметтер

№8 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты

Абдолов Амангелді АманиязұлыАтырау облыстық мәслихатының депутаттығына

№8 сайлау округі бойынша кандидат Абдолов Амангелді Аманиязұлының

ӨМІРБАЯНЫ

Абдолов Амангелді Аманиязұлы - 1967 жылы 17 ақпанда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосында дүниеге келген. Ұлты қазақ.

1992 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетінің кундізгі бөлімін бітірген.

Заңгерлік еңбек жолын 1992 жылы ауданаралық табиғат қорғау прокуратурасында прокурор көмекшілігінен бастаған.

1995-1999 жылдары Атырау қаласы прокурорының көмекшісі, Махамбет, Балықшы ауданы прокурорларының аға көмекшісі, Атырау облыстық прокуратурасының бөлім прокуроры қызметтерін атқарған.

1999-2002 жылдар аралығында Қызылқоға ауданының прокуроры.

2002-2005 жылдар аралығында Исатай ауданының прокуроры.

2005-2009 жылдары Атырау облысы прокурорының көмекшісі қызметінде істеген.

2009-2010 жылдары Атырау облыстық Соттар Әкімшісінің орынбасары

2010 жылдың қазан айынан 2011 жылдың қыркүйек айы аралығында Атырау облыстық Сот актілерін орындау Департаментінің бастығы.

Құқықтық реформаларға сәйкес жаңадан ашылған институт жеке сот орындаушылық қызметіне ауысып, 2011 жылы 27 сәуірде берілген мемлекеттік лицензияның негізінде жеке сот орындаушы болып қызмет атқаруда.

2011 жылдың қыркүйек айынан бастап 2015 жылдың ақпан айына дейін Атырау облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасына төрағалық еткен.

2015 жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін ҚР-сы Жеке сот орындаушыларының Республикалық Палатасының Төралқасының төрағасы.

5 шақырылған Атырау облыстық мәслихатының депутаты. Заңдылықты, депутаттық этика мен құқық тәртібін сақтау комиссиясының мүшесі.

Жанұялы. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Келесідей Үкімет наградалары бар:

"Қазақстан Республикасы мәслихаттарына 20 жыл", Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің «Заң», «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медальдарының иегері.

Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаттарына ие.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Атырау облысы әкімінің Құрмет грамотасымен наградталған.


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 15:15
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 08.09.2016 16:44