Array №7 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.04.2017

D-3, D-4, D-5, D-O-2, D-O-3, D-O-4, D-O-5, E-1, E-2, E-R-1 санатындағы «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерін екінші деңгейдегі аттестаттау комиссиясында әңгімелесуден өткізу кестесі

Қызметтер

№7 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты

Байкенова-Чуканбаева Гүлсина ГарифжанқызыАтырау облыстық мәслихатының депутаттығына

№7 сайлау округі бойынша кандидат Байкенова-Чуканбаева Гүлсина Гарифжанқызының

ӨМІРБАЯНЫ

Байкенова-Чуканбаева Гүлсина Гарифжанқызы 1973 жылы 6 қазанда Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы Ақтау қаласында дүниеге келді. 1983 жылы бастауыш мектептің 3-ші сыныбын Жалалабад қаласындағы (Қырғызстан Республикасы) орта мектепте аяқтады. Фрунзе хореографиялық училищесінде оқып, «Балет артисі» мамандығын алды. Өте жақсы оқығаны және түрлі байқауларға, конкурстарға, хореографиялық өнер фестивалдеріне белсене қатысқаны үшін Лениндік шәкіртақыға ие болды. Училищеде оқып жүріп Молдыбай атындағы Фрунзе мемлекеттік академиялық театрының балет әртісі болып жұмыс жасады.

Училищені аяқтағаннан кейін 1991 жылы Глинка атындағы Челябі академиялық опера және балет театрының балет әртісі болып жұмыс жасады. 1992 жылы тұрмысқа шығуына байланысты Қазақстанға көшіп келді.

1992-1994 жылдары К.Байсеитова атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында және Қазақстан Республикасының халық әртісі Болат Аюхановтың (Алматы қ.) басшылығымен Мемлекеттік классикалық би ансамблінде балет әртісі болып жұмыс жасады.

1994-1996 жылдары Атырау облыстық ансамблінің және Махамбет атындағы облыстық драма театрының балетмейстері, Атырау мәдениет колледжінің оқытушы-хореографы болып еңбек етті.

1996-2000 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетін «Менеджер-би ұжымының жетекшісі» мамандығы бойынша бітірді.

Университетті аяқтағаннан кейін Атырау облысында тұңғыш хореографиялық мектеп – «Байкеновтардың балет студиясын» құрды. 2007-2012 жылдары Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер Академиясында оқытушы - хореограф болып жұмыс жасады.

Атырауда мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған «Шексіз таланттар» би мектебін ұйымдастырды. Студия-мектебінің тәрбиеленушілері арбадағы спорттық бал билері бойынша мүгедектер арасындағы бірінші чемпионатының жеңімпаздары (Қостанай, 2011 ж.), халықаралық фестиваль-конкурстарының І дәрежедегі лауреаттары (Польша, Германия, Ресей) атанды.

2007 жылдан бері Атырау облысының «Татулык» татар-башқұрт этномәдени бірлестігін басқарады, 2009 жылдан Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, 2010 жылдан «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Жемісті және мінсіз еңбегі үшін Тәуелсіз Қазақстанның мерейтойлық медалімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет Грамотасымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» медалімен, «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы» мерейтойлық медалімен, Атырау облысы және қала әкімдерінің, «Нұр Отан» партиясының алғыс хаттарымен марапатталды.

2013 жылы «Жыл меценаты» медаліне, 2014 жылғы қазанда мүмкіндіктері шектеулі жандарға қайырымдылық жұмыстары үшін «Алтын жүрек» Ұлттық премиясы номинантының дипломына ие болды.

Қазақстанның халықаралық байланысын нығайтуда қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасындағы Татарстан Республикасының Өкілетті өкілінің, Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің және Татарлардың дүниежүзілік конгресінің алғыс хаттармен және «Ресейдің құрметті қонағы» медалімен марапатталды.

«Лучшие люди» үлкен халықаралық энциклопедиясына (Ресей, Қазақстан, Беларусь, Украина, 2012 ж.), Қазақстан тарихындағы VІІ қысқы Азия ойындары (Астана-Алматы, 2011 ж.) энциклопедиясына енгізілген.

Екі қызы бар.


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 15:17
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 08.09.2016 16:49