Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.09.2017

Қызметтер

№6 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты

Әйтиева Нұрлы ТельманқызыАтырау облыстық мәслихатының депутаттығына №6 сайлау округі бойынша кандидат

Әйтиева Нұрлы Тельманқызының

ӨМІРБАЯНЫ

Әйтиева Нұрлы Тельманқызы 1954 жылы 20 маусымда Атырау (Гурьев) қаласында дүниеге келген, ұлты - қазақ, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, профессор.

1976 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Геология және мұнай және газ кеніштерін бағдарлау» мамандығы бойынша бітірді. Таулы аймақтың «инженер-геолог» біліктілігін алған. 2002 жылы заңгер дипломына ие болды.

1976-1986 жылдар аралығында – инженер, кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, мұнай институты ғылыми-зерттеу геологиялық бағдарлау бөлімінің лаборатория басшысы қызметтерін атқарды.

1982-1984 жылдары Жас ғалымдар мен мамандар кеңесінің төрайымы Қазақстан әйелдерінің I форумының делегаты. Осы жылдары жастар комитетінің Атырау облысы бойынша басқарма басшысы болды.

1985 жылы Мәскеу қаласында «Қаратон-Теңіз және Астрахань мұнайгаз жинақталу аумақтарының қалыптасу жағдайлары мен геологиялық дамуы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғап, «геология-минералогия ғылымының кандидаты» ғылыми дәрежесін алды.

1986-2003 жылдары Атырау мұнай және газ институтының аға оқытушысы, «Мұнай және газ геологиясы» кафедрасының меңгерушісі, ректордың тәрбие ісі жөнінде орынбасары қызметін атқарды.

Н.Әйтиева 55 басылымның және 3 оқу-әдістемелік жұмыстардың авторы. «Геология және мұнай-газ кеніштерін бағдарлау» мамандығының жоғары оқу орындарына арналған мемлекеттік стандарты авторларының бірі.

2003 жылы құрылтайшылармен бірге Атырау бизнес және құқық колледжін ашты. Қазіргі кезде осы оқу орнының директоры.

2004 жылдан бастап Атырау облысындағы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесінің мүшесі.

2008 жылы Атырау облысының үздік кәсіпорын иесі атағын алды. 2010-2013 жылдары Атырау облысы саясаткер әйелдер клубының төрайымы болды.

1985 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, «Қазақстан мұнайының 100 жылдығы» мерейтойлық медалі, «Ы.Алтынсарин атындағы» медаль, Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хаттары, 2011 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.


Мақаланың шыққан күні:: 02.09.2016 12:29
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 08.09.2016 16:52