Array №5 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.04.2017

Қызметтер

№5 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты

Бекқожиева Әлия БайжанқызыАтырау облыстық мәслихатының депутаттығына  №5 сайлау округі бойынша кандидат

Бекқожиева Әлия Байжанқызының

ӨМІРБАЯНЫ

Бекқожиева Әлия Байжанқызы 1961 жылы 10 қыркүйекте Гурьев қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Отбасылы, кішкентай қызының сүйікті анасы.

Білімі-жоғары. 1983 жылы «Жамбыл Жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық» институтының «Халықтың тұрмыс қажетін өтеу саласын ұйымдастыру» факультетінің инженер-экономист мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1983 жылы «Облрембыттехника» зауытында нормировщик лауазымынан бастады. Осы зауытта экономист, бас экономист, өндірістік-жоспарлау бөлімінің басшысы, бас инженер болып еңбек етті. 1987 жылы «Облрембыттехника» зауытының директоры болып тағайындалды. 1997 жылы «Өнерпаз» ААҚ сенімді басқаруына алды. 2002 жылы қыркүйекте ААҚ «Өнерпаз», ЖШС-і болып құрылды

Бүгінгі күнде Әлия Байжанқызы «Өнерпаз» және «Рембыттехника» ЖШС-терінің бас директоры; ҚР Кәсіпкерлер одағы форумының мүшесі,1998 жылдан бері Атырау облысының кәсіпкерлері мен жұмыс берушілер одағының төрайымы, Атырау облысының Азаматтық Альянсының президенті, ҚР «Атамекен ҰКП жанындағы Атырау облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы. 1 мәрте қалалық және және 3 мәрте облыстық мәслихат депутаты болып сайланды. «НұрОтан» партиясының бюро мүшесі.

Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне-10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне-20 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы» мерекелік медальдарымен, «Казахстан Даңқы» орденімен, Қазақстан әйелдері жетістіктерінің құрметіне тағайындалған «Ажар жұлдызы» Ұлттық премиясының лауреаты (2015 ж.) белгісімен марапатталған.


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 15:20
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 08.09.2016 16:54