Array №4 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.05.2017

Қызметтер

№4 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты

ЮСУПОВ ЕРМЕКҚАЛИЙ ТӨЛЕПҚАЛИҰЛЫЮСУПОВ ЕРМЕКҚАЛИЙ ТӨЛЕПҚАЛИҰЛЫНЫҢ

ӨМІРБАЯНЫ

Юсупов Ермекқалий Төлепқалиұы 1965 жылы 2 қазанда Гурьев облысы Балықшы ауданы Жұмыскер поселкесінде дүниеге келді. Ұлты қазақ.

1984 жылы Гурьев политехникалық техникумын техник-механик мамандығы бойынша бітірген.

Білімі жоғары. 1989 жылы Волгоград политехникалық институтын инженер-механик, 2001 жылы Евразия нарығы институтын экономист мамандығын бойынша бітірсе, 2013 жылы Халықаралық Бизнес Академиясында «Іскерлік әкімшілік магистры» дәрежесін игерді.

Еңбек жолын 1989 жылы Гурьев облыстық автокөлік бірлестігінде жолаушылар тасымалын пайдалану бөлімінің инженері болып бастап, бөлім бастығына дейін көтерілді.

1991-1993 жылдары Атырау қалалық әкімшілігінде өнеркәсіп, көлік, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі болды.

1993 жылдан Атырау облыстық әкімдігінде экономика басқармасында өнеркәсіп және көлік бөлімінің бас маманы, экономика және сауда министрлігінің өкілі, сыртқы байланыс қызметі бөлімінің бастығы лауазымдарында жұмыс атқарды.

1999 -2012жылдары «Каспий» ЖШС-нің директоры, 2012 жылдан бастап «Атырау-Көлік -Құрылыс» ЖШС-нің директоры.

2007 жылы Атырау қалалық мәслихатының IV шақырылым,2013 жылы V шақырылым депутаты болып сайланды.

2012 жылғы маусымынан бері «Ақ жол» ҚДП Атырау облыстық филиалының төрағасы.

Облыстағы қоғамдық-саяси жұмыстары үшін ҚР Президенті Н.Назарбаевтың(2011ж.) және «Нұр Отан» ХДП-сы бірінші орынбасарының (2010ж.) Құрмет грамоталарымен және ҚР «Құрмет» орденімен марапатталды. (2015ж.)

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының мүшесі.

Отбасылы, 5 бала тәрбиелеуде.


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 15:21
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 08.09.2016 17:01