Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.11.2017

Қызметтер

№3 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты

Талтенов Абзал АхатовичТалтенов Абзал Ахатұлы

Өмірбаян

Мен, Талтенов Абзал Ахатұлы, 1972 жылы 11 қаңтарда Атырау облысы, Махамбет ауданы, Чкалово ауылында қызметкерлер отбасында дүниеге келдім.

1979 ж. Индер ауданы, Елтай селосында В.И. Ленин атындағы орта мектепке барып, 1989 ж. аудан орталығындағы М. Әуезов атындағы орта мектепті күміс медальмен бітірдім.

Сол жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетіне түсіп, 1994 жылы үздік аяқтап, Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің аспирантурасына қабылдандым.

1997 ж. химия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алып, 2007 жылы «Азот (І-V) оксидтерінің тотығу-тотықсыздану реакцияларының механизмі мен кинетикасы» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғадым.

1998-2001 жылдары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім комитеті республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының бас маманы, мүдірдің орынбасары қызметінде болдым.

2001 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қызметкерлер мен істер басқармасының бастығы, 2002-2003 жылдары университеттің Әкімшілік департаментінің директоры, 2003-2004 жылдары осы университеттің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры және 2004-2008 жылдар аралығында аталған университеттің бірінші проректоры қызметтерін атқардым.

2008 жылдан 2011 жылдың қарашасына дейін, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының бірінші проректоры лауазымын атқардым.

2011 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аппарат жетекшісі, ал 2012 жылдың қарашасынан оқу ісі жөніндегі проректоры, 2014 жылдың қазан айынан 2016 жылдың сәуір айына дейін аталған оқу орнының ғылыми-зерттеу істері жөніндегі проректоры қызметтерін атқардым.

2016 жылдың сәуір айынан бастап, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры міндетін атқарушы лауазымына тағайындалдым.

2006 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Жараталыстану ғылымдары Академиясының мүше-корреспонденті, 2009 жылы Халықаралық педагогикалық білім Академиясының мүше-корреспонденті және Қазақстан Республикасы Педагогика ғылымдары академиясының академигі болып сайландым.

Көптеген халықаралық және республикалық деңгейдегі ғылыми жобалардың эксперт-үйлестірушісімін. Назарбаев Университеті Жоғары кеңесі кәсіби даму және біліктілікті арттыру бағдарламасының қатысушысымын.

Автор 80-ге жуық ғылыми әдістемелік жарияланының, 2 импакт-факторлы мақаланың, сонымен қатар 2 монография, 7 авторлық куәліктің иесімін.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің «Алғыс хаты» (2004ж.), «Қазақстан Республикасы Білім саласының Құрметті қызметкері» белгісімен (2005ж.), «Мәшһүр Жүсіп» естелік медалімен (2008ж.), «Қазақстан Республикасы ғылымына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен (2009 ж.) және С.Торайғыров атындағы «Алтын медальмен» (2010 ж.) марапатталдым.

Отбасылымын, жұбайым Талтенова Клара, бала тәрбиесімен айналысады,екі қызым мен бір ұлым бар.

 


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 15:25
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 15.05.2017 06:13