Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.11.2017

Қызметтер

№27 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты

Габдуллин Айбек СерікұлыАтырау облыстық мәслихатының депутаттығына

№27 сайлау округі бойынша кандидат Габдуллин Айбек Серікұлының

ӨМІРБАЯНЫ

Габдуллин Айбек Серікұлы 1963 жылы 16 мамырда Гурьев облысы Қызылқоға ауданы Қоныстану селосында қызметкердің отбасында дүниеге келді. Ұлты-қазақ, білімі-жоғары.

1980-1986 жылдары Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтында оқып, дәрігер- хирург мамандығын алды.

1986-1989 жж. Гурьев облыстық ауруханасында реанимация бөлімінде анестезиолог-реаниматолог дәрігер қызметін атқарды.

1989-1991жж. КСРО ҰҚК шекара әскерлері Закавказ әскери округіндегі медициналық қызмет басшысы болды.

1991-1999 жж. Атырау қалалық №2 ауруханада дәрігер-травматолог, бөлім менгерушісі болып жұмыс жасады.

1999-2001 жж. Атырау қалалық №2 ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарды.

2001-2006 жж. Атырау облыстық ауруханасында травматология бөлімінің меңгерушісі, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас травматолог – ортопед лауазымдарында еңбек етті.

2006-2012 жж. Атырау облыстық ауруханасының Бас дәрігері қызметін атқарды.

2013-2014 жж. – «Вита» медицина орталығының директоры.

2014 жылдан бастап «Медикер Жайық» ЖШС директоры қызметін атқарады.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі. Бірнеше рет Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалі мен марапатталған.

Үйленген. Үш баласы бар.


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 14:51
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 08.09.2016 13:51