Array №26 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2017

Қызметтер

№26 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты

Жұбанов Әділ ОрынбасарұлыАтырау облыстық мәслихатының депутаттығына №26 сайлау округі бойынша кандидат

Жұбанов Әділ Орынбасарұлының

ӨМІРБАЯНЫ

Жұбанов Әділ Орынбасарұлы 1972 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарытоғай селосында дүниеге келген.

Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары.

1989-1992 жылдары Атырау педагогикалық институтында оқыды.

1992-1993 жылдары мамыр-қараша айларында әскер қатарында азаматтық борышын атқарды. 1997-2001 жылдары «Қайнар» университетінде оқып, «құқықтанушы» мамандығын, 2003-2007 жылдары Атырау мұнай және газ институтында «инженер-құрылысшы» мамандығын алды.

1995-1997 жылдары «Ирбис-Мұнай» ЖШС-да қызмет атқарды.

1998-2000 жылдары-жеке кәсіпкер.

2000-2009 жылдары «АтырауСтройМонтажСервис» ЖШС-да еңбек етті.

2009 жылдан күні бүгінге дейін «БатысАльянсСтрой» ЖШС-нің бас директоры.

2003 жылы Атырау облысының озат кәсіпкері ретінде танылып, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қабылдауында болды.

Осы жылдар ішінде көптеген марапаттарға, алғыс хаттарға және де құрмет грамоталарына ие болды. 2008 жылы «Инсам» мінсіз таза іскерлік атағына «Алтын алқа» медалімен марапатталды (Париж Франция).

2003-2008 жылдары Атырау қалалық мәслихатының депутаты болды.

2012 жылдан бері Атырау облыстық мәслихатының депутаты.

2014 жылы ҚР-ның «Құрмет» орденімен марапатталды.

Жанұялы. Бір ұл, екі қызы бар.


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 14:52
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 08.09.2016 13:57