Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.02.2018

Қызметтер

№25 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихатыдепутаты

Абдешев Баязи МадешевичАтырау облыстық Мәслихат депутаттығына

№25 сайлау округі бойынша кандидат

Әбдешев Баязи Мәдешұлының

Өмірбаяны

Әбдешев Баязи Мәдешұлы 1975 жылғы 1 қаңтарда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Мұқыр селосында дүниеге келген.

1997 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын тәмамдаған. 2002 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіндегі ғылыми кеңесте филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілген.

Еңбек жолын 2000 жылы республикалық «Ана тілі» газетінде тілші қызметінен бастаған.

2002 жылы «Өлке» баспасының редакторы, 2002-2011 жылдар аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, Қазақ әдебиеті мен журналистика кафедрасының аға ғылыми қызметкері, доцент, Қазақ әдебиеті және журналистика кафедрасының меңгерушісі, әлеуметтік-экономикалық және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор.

2011-2015 жылдары Атырау облысы әкімі аппаратыың «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы» КМҚК-ның директоры, 2015-2017 жылдары Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы.

2017 жылғы 11 мамырынан бастап «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің директоры.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Отбасылы, 1 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отыр.

2005 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, 2006 жылы ҚР Президентінің Алғыс хатымен, 2011 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Құрмет грамотасымен, 2013 жылы Атырау облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталған.

 


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 14:54
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 29.12.2017 10:22