Array №24 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихатыдепутаты | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.05.2017

Қызметтер

№24 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихатыдепутаты

Қуанышев Сайын СәлімгерейұлыАтырау облыстық мәслихатының депутаттығына №24 сайлау округі бойынша кандидат

Қуанышев Сайын Сәлімгерейұлының

ӨМІРБАЯНЫ

Қуанышев Сайын Сәлімгерейұлы 1956 жылы 28 тамызда Гурьев облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл селосында дүниеге келді.

1973 жылы Қызылқоға ауданындағы Қаракөл орта мектебін бітірді.

Еңбек жолын 1973-1975 жылдары Гурьев облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл совхозында «Жігер» комсомол жастар шопандар бригадасы құрамында бастады.

1975 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтына түсіп, 1981 жылы дәрігер-хирург мамандығы бойынша аяқтады.

1981-1982 жылдары Гурьев облыстық ауруханасында хирург және анестезиолог-реаниматолог мамандықтары бойынша интернатурадан өтті.

1981-1993 жылдары аралығында Гурьев (Атырау) облыстық ауруханасында дәрігер анестезиолог-реаниматолог болып қызмет жасады.

1993-2000 жылдары Атырау облыстық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.

2000 жылы Атырау қалалық №2 ауруханасының бас дәрігері болды.

2000 – 2011 жылдың ақпан айына дейін «Атырау санаторийі» Акционерлік Қоғамының бас директоры болып қызмет жасады.

Алматы, Ташкент, Волгоград, Кемер (Түркия) қалаларында білім жетілдіруден өткен. Пекин қалаларында дүниежүзілік көрмелерге қатысты.

2011 жылдың мамыр айынан бастап «ISKER» Консорциум» ЖШС-і мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі директоры.

Қосымша Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін және Атырау мемлекеттік мұнай және газ институтын бітіріп, заңгер және тау инженері мамандықтарына алды.

2007, 2012 жылдардағы IV-V шақырылымдарындағы Атырау облыстық мәслихатының депутаты болды.

ҚР Президентінің бірнеше мәрте, Атырау облыстық әкімінің алғыс хаттарымен қатар «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Республика Туризмін дамытудағы сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» және «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» медалдарымен, ҚР Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен, ҚР туризм және спорт министрлігі және ҚР Кәсіподақ Федерациясы, Доссор және Мақат кен орындарын игерудің 90-жылдық медалімен, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің, «Қазмұнайгаз» БӨ АҚ Құрмет грамоталарымен, «Нұр Отан» партиясы «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен және 2 рет Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Жанұялы, 3 баласы бар.


Мақаланың шыққан күні:: 02.09.2016 17:02
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 08.09.2016 15:44