Array №23 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.05.2017

Қызметтер

№23 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты

Бопылдықов Асқар ТөребайұлыАтырау облыстық мәслихатының депутаттығына

№23 сайлау округі бойынша кандидат Бопылдықов Асқар Төребайұлы

ӨМІРБАЯНЫ

Бопылдықов Асқар Төребайұлы - 1984 жылы 19 желтоқсанда Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақжайық ауылында дүниеге келіп, осы ауылдағы 11 жылдық Қызылүй орта мектебін жақсы нәтижемен аяқтап шықты.

2002 - 2006 ж.ж Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Әлем тілдері» факультетін және 2006-2009 ж.ж. осы университеттің «Заң» факультетін бітірді.

Университте оқыған жылдары «Қазақстан студенттер Альянсы», Студенттік кәсіподақ, «Жасыл Ел», Студенттік құрылыс отрядттары мен Студенттік кәсіподақ ұйымдарында белсенді түрде қоғамдық қызметтер атқарды.

Еңбек жолын 2006 жылы туған ауылындағы «Қызылүй орта мектебінде» ағылшын тілі пәнінің оқытушысы болып бастады.

2009 жылдың қаңтар – мамыр айлары аралығында Атырау қалалық Ішкі саясат бөлімінде келісім-шарт бойынша жұмыс атқарды.

2009 жылдың маусым - 2011 жылдың қыркүйегі аралығында «Нұр Отан» ХДП Атырау облыстық филиалында жастар ісі жөніндегі кеңесші қызметін атқарып, 2011 жылдың қазан - 2012 жылдың мамыр айлары аралығында облыстық партия филиалы қоғамдық-саяси жұмыстар бөлімінің кеңесшісі және 2012 жылдың мамыр – қыркүйек айларында облыстық партия филиалының жастар ісі жөніндегі кеңесшісі болып қызмет атқарды.

2012 ж. қазан - 2014 ж. қаңтары аралығында облыстық партия филиалының қоғамдық – саяси жұмыстар бөлімінің басшысы лауазымында болды. 2013 жылдың қараша айынан бері облыстық «Жас Отан» ЖҚ Атырау облыстық филиалының Төрағасы қызметін атқарып келеді.

Екі рет Елбасы, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хатымен», 2010 жылы еліміз бойынша «Ең үздік жастар ісі жөніндегі кеңесші» номинациясы бойынша «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қ.Сатыбалдының «Алғыс хатымен», «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбектің «Алғысымен», бірнеше рет «Жас Отан» ЖҚ басшылығының, облыс басшылығының «Алғыс хаттарымен» және «ҚР Мәслихаттарының 20 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталған.

Жанұялы, 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отыр.


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 14:55
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 28.12.2016 17:57