Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.11.2017

Қызметтер

№23 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты

Ожаев Нурлыбек Жумахметович Ожаев Нұрлыбек Жұмахметұлы

Өмірбаян

ОжаевНұрлыбек Жұмахметұлы 1964 жылдың 3 шілдесінде Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет селосында дүниеге келген.

Ұлты қазақ. Білімі жоғары.

1986 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын «инженер-механик», 2010 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

1986 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы «Ынталы» кеңшарында комбайнерлер бригадасының шебер- реттеушісі, кейінбосатылған комсомол комитетінің хатшысы қызметін атқарды.

1988 - 1989 жылдары Гурьев облысы, Махамбет аудандық,«Агротехника» кәсіпорнының инженері болып жұмыс жасады.

1989 - 1991 жылдары Гурьевоблысы, Махамбет аудандық комсомол комитетінің ұйымдастыру – инспекторлық бөлімінің меңгерушісі.

1992 - 1994 жылдары Атырау облысы, Махамбет аудандықЖастар ісі және спорт комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

1994 - 2003 жылдарыАтырау облысы, Махамбет ауданы әкімі аппаратының басшысы.

2004 -2005 жылдары«Облыс жолдары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын директорының орынбасары, «Сарықамыс тұрғындарының көшіру Жобасының жетекшісі» қызметін атқарды.

2005-2006 жылдарыАтырау қалалық маслихаты аппаратының басшысы, Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы.

2006– 2009 жылдарыАтырау қаласы әкімі аппаратының басшысы болған.

2009 -2013 жылдары«Аджип КСО» кампаниясының (Италия) Батыс Ескенедегі мердігерлердің еңбек заңдылықтарының нормаларын қамтамасыз ету және персоналды басқару координаторы болды.

2013– 2014 жылдары Атырау облысы, Исатай ауданының әкімі.

2014 - 2016 жылдары Атырау қаласының әкімі.

2016 жылдың шілдесінен күні бүгінге дейін «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары.

БЛКЖО Орталық Комитетінің және Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің «Құрмет грамоталары» (1988 жыл), «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» (2005 жыл), «Астанаға 10 жыл»,(2008 жыл), «Қазақстан Республикасы Мәслихаттарына 20 жыл» (2014 жыл), «Халықаралық Невада Семей Антиядролық Қозғалысының 25 жылдығы» (2014 жыл), «Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне20 жыл», (2015 жыл.),«Қазақстан

Республикасы Конституциясына 20 жыл» (2015 жыл), «Қазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл» (2016 жыл)мерекелік медальдарымен, Ресей Федерациясы Керчь қаласының «Благодарность городского головы» (2014 жыл), «Ұлы Отан соғысының 70 жыл» (2015 жыл), Республиканың Ардагерлер кеңесінің «Құрмет белгісі» (2015 жыл), «Құрметті спорт ардагері» (2015 жыл) төс белгілерімен, марапатталған.

Ожаев Нұрлыбек Жұмахметұлы - кәсіби білікті маман және тәжірибелі басшы.

Жанұялы. Бір ұл, үш қызы және екі немересі бар.

 


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 14:55
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 15.05.2017 06:18