Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.08.2017

Қызметтер

№21 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты

Қалиева Айгүл МұхамбетқалиқызыАтырау облыстық мәслихатының депутаттығына

№21 сайлау округі бойынша кандидат Қалиева Айгүл Мұхамбетқалиқызының

ӨМІРБАЯНЫ

Қалиева Айгүл Мұхамбетқалиқызы 1975 жылдың 2-ші ақпанында Атырау қаласында дүниеге келді. Ұлты - қазақ. Білімі - жоғары.

1992 жылы М.И. Калинин атындағы №77 орта мектебін бітірді. 1996 жылы Атырау педагогикалық институтын «Шет тілі» мамандығы бойынша бітіріп шықты.

2000 жылы Халықаралық құқық және нарық академиясының «Юриспруденция» мамандығын бітірді.

2004-2006 жылдар аралығында АҚ «АТЭЦ» мекемесінде заңгер болып жұмыс істеді. 2005 жылы заң бөлімі басшысының орынбасары болып тағайындалды.

2006-2007 жылдар аралығында ЖШС «Saga Terminal Logistic» мекемесінің логистика бөлімінде көліктік үйлестірушісі болып жұмыс істеді.

2007 жылдан бастап ЖЩС «Caspian Logistic and Procurement» мекемесінің қызметкері. Осы аралықта жобаның менеджерінен бастап мекеме директорына дейінгі мансаптық өсуге қол жеткізді.

2012 жылдан бастап балаларға қайырымдылық көмек көрсетуге белсене араласып келеді. Атырау қаласындағы №1 Сабыр Қазыбаев атындағы «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйі», Атырау және Маңғыстау облыстарының «Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы», «Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы және жастар үйі» тәрбиеленушілеріне қамқоршысы болып келе жатыр.

Тұрмыста, екі бала тәрбиелеп отыр.


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 14:58
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 08.09.2016 15:54