Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
16.08.2017

Қызметтер

№20 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты

Сұлтанов Сабыржан ҚыдырсихұлыАтырау облыстық мәслихатының депутаттығына №20 сайлау округі бойынша кандидат

Сұлтанов Сабыржан Қыдырсихұлының

ӨМІРБАЯНЫ

Сұлтанов Сабыржан Қыдырсихұлы 1964 жылы 25 маусымда Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Жыланды селосында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Білімі - жоғары. Алматы мал дәрігерлік институтының зооинженерия факультетін бітірген.

Еңбек жолын 1986-1990 жылдары «Коммунизм жолы» совхозында ферма зоотехнигі болып бастады. Осы ұжымның бас зоотехнигі қызметін атқарды.

1990-1992 жылдары Құрманғазы аудандық ауылшаруашылығы басқармасының бас зоотехнигі болып еңбек етті.

1992-1998 жылдары Құрманғазы совхозының бас зоотехнигі болды.

1998-2011 жылдары - Құрманғазы атындағы өндірістік кооперативінің мал шаруашылығы бөлімінің бастығы.

2011 жылдан Құрманғазы атындағы өндірістік кооперативінің басқарма төрағасы қызметін атқарып келеді.

2007 жылдың 15 қарашасынан бастап «НұрОтан» партияcыныңмүшесі. Ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты.

Марапаттары: облыс, аудан әкімдерінің Құрмет Грамотасы мен Алғыс хаттары (2009, 2011,2014жж.)Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Алғыс хаты», (2012ж., 2015ж.), «Ұлт Даңқы» ордені, (2013 ж.), «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» (2014 ж.), «Қазақстан агросаласының Құрметті қызметкері» төсбелгісі, (2014 ж.) «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалі (2014ж.),Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрінің «Құрмет Грамотасы» (2014ж.).

2015 жылы желтоқсанда Елбасы Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды.

V шақырылымдағы Атырау облыстық мәслихатыдепутаты.

Отбасылы, екі баласы бар.


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 15:00
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 08.09.2016 15:57