Array №19 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.03.2017

D-3, D-4, D-5, D-O-2, D-O-3, D-O-4, D-O-5, E-1, E-2, E-R-1 санатындағы «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерін екінші деңгейдегі аттестаттау комиссиясында әңгімелесуден өткізу кестесі

Қызметтер

№19 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты

 №19 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихатыдепутаты

ҚАРШАГЕНОВ ОРАЗҒАЛИ ТӨЛЕУҒАЛИҰЛЫ

Қаршагенов Оразғали Төлеуғалиұлы 1960 жылы 15 наурызда Гурьев облысы Балықшы ауданы Жұмыскер кентінде туған. Ұлты – қазақ.

Жоғары - білімді. 1986 жылы Алматы энергетикалық институтын, кейін осы институттың аспирантурасын тәмамдаған. Москвадағы Бүкілодақтық Кәсіподақтар Жоғарғы мектебін бітірген.

Еңбек жолын Алматы энергетикалық институтында мұғалім болып бастайды. 1994 жылы «Алтын Тараз» сауда-финанс компаниясының директоры, Алматы қаласындағы М.Горький атындағы демалыс саябағының бас директоры қызметін қоса атқарды. 2000 – 2008 жылдары  Жамбыл облыстық электрожүйесінің Директорлар кеңесінің төрағасы, «Көкшетау-ПАЭУР» энегетикалық компаниясының президенті болды. 2008 жылдың сәуір айынан бастап «Атырау-Жарық» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы және «Евразиялық» энергетикалық кешені компаниясының бас директоры.

Отбасылы, 5 баласы бар. «Қазақстан Республикасының Құрметті энергетигі», «ТМД-ға еңбегін Сіңірген Энергетигі» атақтарының иегері. Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, «Астананың 10 жылдығына», «Тәуелсіздігіміздің 15 жылдығына» арналған мерекелік медальдарымен марапатталған. «Құрмет» орденінің иегері.


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 15:01
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 08.09.2016 15:59