Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
18.02.2018

Қызметтер

№18 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты

Зинуллин Умирзак Зинуллаевич

Атырау облыстық мәслихат депутаттығына

№18 сайлау округі бойынша кандидат

Зинуллин Өмірзақ Зиноллаұлының

өмірбаяны

 

Зинуллин Өмірзақ Зиноллаұлы 1956 жылы 11 қаңтарда Атырау облысы Құрманғазы ауданының Үштаған ауылында дүниеге келген.

1972 жылы Атырау облысының Құрманғазы ауданында Сүйіндік орта мектебін бітірген.

1972 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының санитарлық-гигиеналық факультетіне оқуға түскен. 1978 жылы жоғарыда аталған жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін еңбек жолын Гурьев (қазіргі Атырау) облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының дәрігер-эпидемиологы болып бастаған. 1982-1985 жылдары облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының эпидемиология бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. 1985 жылы ақпан айынан бастап Теңіз (қазіргі Құрманғазы) ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметіне тағайындалған. 1999 жылдың 31 желтоқсанынан бастап 2001 жылдың шілдесіне дейін Құрманғазы ауданы денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі.

2001 жылдың 30 шілдесінен бастап Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрігері – Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері лауазымына тағайындалды. 2003 жылдың сәуір айында Атырау облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы, 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап Атырау облысы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры. 2010 жылдың наурыз айынан бастап 2012 жылдың қазан айына дейін Махамбет ауданының әкімі қызметін атқарады. 2012 жылдың 1 қазанынан бастап ҚР ДСМ МСЭҚК Атырау облысы бойынша департаменті директоры лауазымына тағайындалды. 2014 жылдың 11 маусымынан бастап ҚР ҰЭМ ТҚҚ комитетінің Атырау облысы ТҚҚ департаменті басшысы.

Денсаулық сақтау саласын ұйымдастырушы. Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздік, халықтың жалпы және жұқпалы аурулармен сырқаттанушылығын төмендету бойынша өңірлік бағдарламаларды әзірлеу жөніндегі жұмыстарға басшылық жасады. Мұнай-газ өндіруші және өңдеуші сала қызметінің нәтижесінде сыртқы ортаның ластануының халық денсаулығына тиігізетін әсеріне ғылыми зерттеулер жүргізеді.

Осы жылдар ішінде 1 бүкілодақтық, 3 республикалық гигиенистер мен эпидемиологтардың съездіне делегат болып қатысты. Қазақстан дәрігерлері мен провизорларының екінші съездінің делегаты. 2004 жылы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының халықаралық симпозиумына қатысып, ғылыми баяндама жасады.

«Здравоохранение Казахстана», «Гигиена, эпидемиология, иммунобиология» журналдарында, ғылыми жинақтарда мақалалары жарық көрді, оған қоса «Эпидемиология және тұмау мен басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың алдын алу» атты оқу-әдістемелік

құралдың, «Тұмаудың өзекті проблемалары және оның алдын алу мәселелері» кітабының авторы болып табылады.

Медицина ғылымдарының кандидаты, МАНЭБ академигі, академияның «Гиппократ» медалімен марапатталған, әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру, эпидемиология бойынша жоғары санаттағы дәрігер дәрежесі бар.

1999 жылдан «Нұр Отан» ХДП мүшесі, партияның Атырау облысы бойынша филиалының Саяси Кеңес Бюросының мүшесі. «Нұр Отан» ХДП ХІІІ, ХІV съездерінің делегаты.

Мемлекет тарапынан «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен, «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісініе қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен марапатталды.

Білікті басшы, ұйымдастырушы, қарапайым, бағынышты қызметкерлермен тіл табыса біледі.

Саланың материалдық –техникалық базасын дамытуға үлкен үлес қосты. Оның жеке ынтасының арқасында «Аджип» компаниясының демеушілік қаржысы есебінен Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы мен Мақат аудандық филиалының жаңа ғимараттары салынды.

Отбасылы, екі баласы бар.

 


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 15:02
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 29.12.2017 10:44