Array №17 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
22.05.2017

Қызметтер

№17 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты

Идранов Серік НағимұлыАтырау облыстық мәслихатының депутаттығына № 17 Мақат сайлау округі бойынша кандидат

Идранов Серік Нағимұлының

ӨМІРБАЯНЫ

Идранов Серік Нағимұлы, 1960 жылдың 23 ақпанында Атырау облысы, Исатай ауданы, Забурын ауылында (казіргі Зинеден ауылы) көпбалалы отбасында дүниеге келген.

1976 жылы Исатай ауданының Жанбай селосындағы орта мектепті алтын медальмен бітірген. 1981 жылы Батыс Қазақстан агротехникалық университетін «экономист» мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтаған. 2008-жылы Атырау мұнай және газ институтында оқып, «экономист» мамандығын алды.

Еңбек жолын 1981 жылы Батыс Қазақстан агротехникалық университетінде экономика кафедрасының оқытушысы ретінде бастады.

1983-1985 жж. - Басқарма бастығының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары,

1985-1986 жж. - Исатай аудандық Халық депутаттары атқару комитеті төрағасының орынбасары, аудандық жоспарлау комиссиясының төрағасы,

1986-1988 жж. - Қазақстан ЛКСМ Гурьев облыстық комитетінің хатшысы

1988-1991 жж - Қазақстан Коммунистік партиясының Гурьев облыстық комитетінің ұйымдастыру-партиялық бөлімінің жауапты ұйымдастырушысы

1991-1992 жж. - облыстық экономикалық комитет төрағасының орынбасары

1992 ж - «КРАМД-Атырау» АҚ вице-президенті

1992-1994 жж. - «Петро-Трейд Лтд.»БК, бас директорының орынбасары,

1994-1997 жж. - «ҚазақстанКаспийШельф» халықаралық консорциумының кадрлар жөніндегі инспекторы

1997-1999 жж.- «ҚазақстанКаспийШельф» АҚ жалпы бөлімінің бастығы

1999 -2000 жж.-«ҚазақстанКаспийШельф» АҚ Атырау филиалының директоры,

сервистік қызмет көрсету департаментінің директоры,

2000-2003 жж. - «Аджип Қазақстан Норт Каспиан Оперейтинг Н.В.» жергілікті басшы органдармен байланыс жөніндегі кеңесші,

2003-2014 жж. -«Аджип Қазақстан Норт Каспиан Оперейтинг Н.В.» жергілікті басшы органдармен байланыс жөніндегі менеджер, сыртқы байланыс және жұмыс тиімділігін қамтамасыз ету жөніндегі департамент менеджері,

2014 жылдан - «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» сыртқы байланыстар және мемлекеттік органдармен қарым-қатынас жөніндегі менеджер,

Отбасылы, екі балалы 1988-жылы туылған қызы және 1992-жылы туылған ұлы бар.


Мақаланың шыққан күні:: 02.09.2016 15:54
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 08.09.2016 16:04