Array №16 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.04.2017

Қызметтер

№16 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты

Беркімбаев Бөріхан СматуллаұлыАтырау облыстық мәслихатының депутаттығына

№16 сайлауокругі бойынша кандидат Беркімбаев Бөріхан Сматуллаұлының

ӨМІРБАЯНЫ

Беркімбаев Бөріхан Сматуллаұлы 1964 жылы 12 ақпанда Ақтөбе облысы Новоресей ауданында дүниеге келген. 1981 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Алматы көлік инженерлері институтына түсіп, 1986 жылы бітіріп шықты. 1986-1988 жылдар аралығындаКеңес әскері қатарында болды.

Еңбек жолын 1988 жылы Ақтөбе стансасында поез құрастырушысы болып бастады. 1988-1998 жылдар аралығында осы стансаның дөңес кезекшісі, станса бастығының поездар қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі көмекшісі, Ақтөбе стансасы бастығының шұғыл жұмыс жөніндегі орынбасары, жүк және коммерциялық жұмыс жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 1998 жылы «Желдорэкспедиция» мемлекеттік еншілес кәсіпорны мекемесінің бас инженері, 1999 жылы Ақтөбе тасымалдау бөлімшесінің бас инженері қызметтерінде болды. 2000 жылы Жүк және коммерциялық жұмыс Бас басқармасының Батыс аймақ өкілдігінің бастығы, қазан айынан бастап Атырау тасымалдау бөлімшесі директорының бірінші орынбасары, 2000-2005 жылдар аралығында Ақтөбе тасымалдау бөлімшесінің директоры қызметтерін атқарды. 2005 жылдан бастап осы кезге дейін Атырау жол бөлімшесінің директоры лауазымында еңбек етеді.

2009 жылдан бастап «Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының директоры қызметін қосымша атқарып келеді. Осы уақыт ішінде 2009 жылы құрылған Атырау қаласының «Бейбарыс» хоккей командасы дұрыс жолға қойылған нәтижелі жұмыс арқасында алғашқы жылы ерлер арасындағы шайбалы хоккейден ел чемпионатының күміс жүлдегері атанды, 2010 және 2011 жылдары ел чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды.

2003-2005 жылдары Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты болды. 2007 жылдан осы кезге дейін Атырау облыстық маслихатының депутаты.

«Құрметті теміржолшы» белгісінің иегері.

«Республиканың Тәуелсіздігіне-10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан темір жолына-100 жыл», «Қазақстан темір жолын -110 жыл», «Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне 20 жыл», мерекелік медальдарымен, Хромтау-Алтынсарин теміржол желісі құрылысындағы еңбегі үшін «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен, 2009,2011 жылдары Елбасының Құрмет грамоталарымен, 2013 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.

Елге сіңірген еңбегі мен жеткен жетістіктері бағаланып 2012 жылы жарық көрген халықаралық «Лучшие люди» энциклопедиясына енді.

Отбасылы, 2 ұлы, бала-келіні мен немересі бар.


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 15:05
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 08.09.2016 16:07