Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.08.2017

Қызметтер

№14 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты

Жакиев Асылбек МұхитұлыАтырау облыстық мәслихатының

№14 сайлау округі бойынша депутаттығына кандидат Жакиев Асылбек Мұхитұлының

ӨМІРБАЯНЫ

Жакиев Асылбек Мұхитұлы 8 мамыр 1984 жылы Гурьев қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Үйленбеген.

2001-2005 жылдары Алматы қаласындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтына (КИМЭП) оқуға түсіп, оны 2005 жылы халықаралық қатынастар және мемлекеттік басқару мамандығы бойынша бітірген

2005-2007 жылдары президенттік «Болашақ» бағдарламасы арқылы өзінің білімін Еуропа университетерінде Университет Тренто (Италия), Университет Регенсбург (Германия), Университет Корвинус Будапешт (Венгрия) шыңдады.

2013 жылы Женева халыкаралык қатынастар институтын бітірді

2007 жылы жұмыс жолын Аджип ККО компаниясында бастады.

2008-2010 жылдары «Каспий «Әлеуметтік-Кәсіпкерлік Корпорациясы» Ұлттық компаниясында қызмет етті.

2012-2013 жылдары «Атамекен Одағы» ұлттық экономикалық палатасының Атырау облыстық филиалының директоры.

2013 күні бүгінге дейін Атырау облысының кәсіпкерлер палатасының директоры.

2013 жылы Атырау облыстық мәслихатының V шақырылымына депутат болып сайланды.

2012 жылдан - «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның тәуелсіз директоры.

2015 жылдан - «Ұлттық индустриалдық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы» АҚ-ның директорлар кеңесінің мүшесі.

2014 жылдан - «НұрОтан» партиясы Атырау облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы.

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі әртүрлі облыстық комиссиялар мен кеңестердің, жұмыс топтарының мүшесі.

II Дәрежелі «Атамекен» медалімен, «Мәслихаттарға - 20 жыл» мерейтолық медалімен марапатталған.

«Болашақ» бағдарламасы түлектерінің мүшесі, өзінің Еуропадан алған білімдерін облыстың жастарымен бөлісіп, Атырау мемлекеттік университетінде, Атырау мұнай және газ институты студентерімен тәжіребесін бөлісіп отырады.

Қазақ, орыс, ағылшын, итальян, неміс тілдерін еркін меңгерген.


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 15:08
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 08.09.2016 16:12