Array №13 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2017

Қызметтер

№13 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты

Ихсанов Ерсайын УалитханұлыАтырау облыстық мәслихатының депутаттығына

№13 сайлау округі бойынша кандидат Ихсанов Ерсайын Уалитханұлы

ӨМІРБАЯНЫ

Ихсанов Ерсайын Уалитханұлы 1950 жылы 28 ақпанда Атырау облысы Құрманғазы ауданының Котяевка селосында туған. 1971 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтының математика факультетін бітірді.

1976-1979 жылдары «Дифференциалдық және интегралдық теңдеулер» мамандығы бойынша осы институттың аспирантурасын бітірген.

1971-1991 жылдар аралығында Гурьев педагогикалық институтының математикалық анализ кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, доцент қызметтерінде болған.

1991-1997 жылдары Атырау мұнай және газ институтының жоғары математика кафедрасының меңгерушісі.

1997-2001 жылдарында-«УНАТ» институтының Атырау филиалының директоры.

2001 жылдан осы уақытқа дейін Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ректоры.

Ихсанов Ерсайын Уалитханұлы-физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Инженерлік Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ол дифференциалдық және интегралдық теңдеулер, теориялық космостық динамика мен аспан механикасы салаларымен шұғылданатын елімізге белгілі ғалым.

Сонымен бірге ол өлкеміздің өркендеп дамуына және қоғамдық өміріне белсене араласып келеді. 4-шақырылған Атырау қалалық және 5-шақырылған Атырау облыстық маслихаттарының депутаты болды.

Белгілі ұстаз және ұйымдастырушы ретінде ол еліміздің батыс аймағында жоғары білімді мамандар дайындауға үлкен үлес қосып келеді. Жоғары білімді, білікті мамандар дайындау ісіндегі және ғылымдағы қажырлы еңбегі үшін ол 1993 және 1999 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен, «ҚР білімінің құрметті қызметкері», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен және ғылымдағы ерекше жетістіктері үшін Оксфорд университетінің Сократ атындағы медалімен марапатталды. 2010 жылы ҚР Президентінің жарлығымен оған «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

Жанұялы, екі ұл тәрбиелеп отыр.


Мақаланың шыққан күні:: 02.09.2016 16:06
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 08.09.2016 16:18