Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
22.11.2017

Қызметтер

№11 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты

Кустадинчев Юрий ЮрьевичАтырау облыстық мәслихатының депутаттығына №11 сайлау округі бойынша кандидат

Кустадинчев Юрий Юрьевичтің

ӨМІРБАЯНЫ

Кустадинчев Юрий Юрьевич 1987 жылы Атырау қаласында туған.

2005 жылы А.С. Пушкин атындағы орта мектепті аяқтағаннан кейін Атырау мұнай және газ институтына «Технологиялық машиналар және қондырғылар» мамандығына оқуға түсіп, 2009 жылы оны үздік бітірді. Респубикалық «Kazenergy» стипендиясының иегері, Мәскеу қаласында өткен «Золотой резерв нефтегаза» конкурсының жартылай финалына қатысты.

2006 жылдан 2009 жылға дейін қалалық «Тандем» радиосында бағдарламаларды жүргізуші болып жасады.

2006 жылдан бастап депортацияланған болгар ұлтының «Возрождение» этно-мәдени орталығы жастар қанатының көшбасшысы ретінде қоғамдық жұмысқа араласты. 2008 жылдан бастап Атырау облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясындағы жастар қанатының лидері. 2010 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының мүшесі. 2011 жылдан болгар ұлтының «Возрождение» этно-мәдени бірлестігін басқарады. 2013 жылдан бастап V шақырылымдағы облыстық мәслихаттың депутаты болды.

Еңбек жолын 2009 жылы «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-де технологиялық қондырғыларды жөндеу бойынша 4 разрядты слесарь болып бастады. Қысқа мерзімнің ішінде мансаптық өрлеуге қол жеткізіп, өндіріс механигі, кейіннен ҮИИД жобасының жүзеге асырудың белсенді сатысында хош иістендірілген көміртегі өндірісі кешенінде каталитикалық риформинг қондырғысының механигі болды. Жоба аяқталғаннан кейін күрделі құрылыс бөліміне механика жөніндегі маман, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап механика жөніндегі жетекші маман лауазымына көшірілді.

Еңбектегі уақытында белсенді қоғамдық жұмыспен айналысып келеді. 2013 жылдан бері Атырау МӨЗ жастар ісі жөніндегі кеңестің төрағасы. «Қазмұнайгаз» ҰК тобындағы компанияларда жастар кеңестерін құру бойынша жұмыс тобының құрамына кіреді. Облыстық БАҚ-да саяси-әлеуметтік бағыттардағы, зауыттың «Новатор» газетінде техникалық және саяси-әлеуметтік тақырыптарға арналған көптеген мақалаларын жариялап келеді.

Екі жаңашылдық ұсыныс авторларының бірі, рационализаторлық ұсынысының біреуі республикалық инновациялар конкурсына қатысты. «Атырау мұнай өңдеу зауытындағы адал және мінсіз еңбегі үшін» грамотасымен марапатталды.

Облыс көлеміндегі қоғамдық-саяси қызметі үшін бірнеше грамоталар мен алғыс хаттарға ие.

Қазақстан Республикасындағы кәсіптік білімді дамытудағы үлесі үшін «Kazenergy» Ассоциациясының грамотасымен, ұлтаралық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен, 2015 жылғы Қазақстан Республикасы Президенті сайлауы науқанына белсенді қатысқаны үшін Елбасының Алғыс хатымен марапатталды.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы» және «Қазақстан Республикасы мәслихатының 20 жылдығы» юбилейлік медальдары бар. Атырау қаласында өткен «Жас мұнайшы-2015» байқауының дипломанты.

Үйленген, бір ұлы бар.


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 15:11
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 08.09.2016 16:36