Array №10 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.03.2017

Қызметтер

№10 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты

Садуахасова Гульнара МанапқызыАтырау облыстық мәслихатының депутаттығына №10 сайлау округі бойынша кандидат

Садуахасова Гульнара Манапқызының

ӨМІРБАЯНЫ

Садуахасова Гульнара Манапқызы 1970 жылы 1 наурызда Атырау облысы, Новобогат ауданы /қазіргі Исатай ауданы/ Новобогат селосында Хамит Ерғалиев ауылында/ дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.

Гурьев музыка училищесін, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын, ҚР Ғылым Академиясы жанындағы М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының аспирантурасын үздік тәмамдаған.

Өнертану ғылымдарының кандидаты.

1985 жылы оқудан қол үзбей жүріп концертмейстер ретінде еңбекке араласты.

1993 жылы - «Музыка теориясы» пәндерінің оқытушысы

2000-2003 жылдары-қазақ музыка әдебиеті, фольклор кабинеттерінің меңгерушісі

2004-2005 жылдары-«Музыка теориясы» пән циклының төрайымы

2005-2007 жылдары Атырау музыка колледжі директорының оқу-ісі орынбасары.

2007жылдан бастап - «Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжі директоры болып тағайындалды.

2009 жылдан Атырау музыка колледжі жанындағы облыстық балалар музыка мектептері директорлар Кеңесінің төрайымы.

2010 жылдан-облыстық көшбасшы әйелдер клубының мүшесі.

2011жылы - Ресей, Қазақстан, Украина, Белоруссия республикаларының «Лучшие люди» Халықаралық Үлкен энциклопедиясының «Даңқ галереясына» есімі жарияланып, «Лучшие люди» Энциклопедиясының «Құрметті белгісі мен» марапатталды.

2013 жылы- оқу-тәрбие, ғылыми-әдістемелік жұмыстарындағы жоғары нәтиже үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

2013 жылы – өнерлі жастарға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан жастарға, мүгедек адамдарға үнемі қолдау көрсеткені үшін «Жыл меценаты -2013 » төс белгісімен марапатталды.

2015 жылы-«Қазақстанның қанатты әйелдері-20 жыл» атты кітабына,«Қазақстан Әйелдері»,«Тәуелсіздіктің ақ таңы»журналдарына енді.

2015 жылы-«ҚР мәслихаттарына 20 жыл» төсбелгісімен марапатталды.

ҚР Президентінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, облыстық, республикалық деңгейдегі «Құрмет грамоталарымен» және бірнеше «Алғыс хаттармен» марапатталған.


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 15:12
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 08.09.2016 16:40