Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.11.2017

Қызметтер

№1 сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаты

Абишев АлиАБИШЕВ АЛИ АЖИМҰЛЫ

ӨМІРБАЯН

Абишев Али Ажимұлы 1962 жылдың 11 қыркүйегінде дүниеге келді.

1979 жылы Гурьев қаласындағы (қазіргі Атырау) Жамбыл атындағы №21 орта мектепті бітірді.

Еңбек жолын Петровский атындағы Гурьев машина жасау зауытында бастады.

Білімі жоғары. 1986 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, экономист біліктілігі берілді.

1986 - 1989 жылдар аралығында Гурьев педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы қызметін атқарды.

1989 - 1992 жылдар аралығында Ленинград мемлекеттік университеті аспирантурасында оқыды.

1993 - 2005 жылдар аралығында Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі, қаржы-экономика факультетінің деканы, университеттің бірінші проректоры қызметтерін атқарды.

2005-2012 жылдар аралығында Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің ректоры қызметін, 2012-2013 жылдары Халықаралық бизнес университетінің ректоры (Алматы қ.) міндетін, 2013-2015 жылдары Халықаралық көшбасшылық институтының директорлығымен қатар Орталық Азия Менеджменті қауымдастығының Президенті қызметін атқарды.

2015 жылдан бастап қазіргі уақытта Атырау мұнай және газ институтының (университеті) ректоры.

2010 жылдан бастап қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары Қауымдастығының вице-президенті міндетін атқаруда.

Экономика ғылымдарының докторы. Профессор.

6 Академияның академигі: Халықаралық инженерлік академия (Мәскеу қ.), Ұлттық инженерлік академиясы (Алматы қ.), Жоғары мектеп ғылым академиясы (Алматы қ.), Ресей гуманитарлық ғылымдар академиясы (Санкт-Петербор қ.), Еуропа ғылым және өнер академиясы (Зальцбург қ., Австрия), «Еуразия» Халықаралық экономикалық академиясы (Алматы қ.).

200-ден астам ғылыми жұмыстың, оның ішінде 3 монография, 7 оқулық, 5 оқу құралы, 2 сөздіктің авторы.

«Құрмет» және М.В. Ломоносов (Ресей) ордендерінің иегері.

ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері. Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов медальдарымен марапатталған.

«НұрОтан». партиясының мүшесі.

Жанұялы, 2 бала тәрбиелеуде.

 


Мақаланың шыққан күні:: 15.05.2017 01:55
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 15.05.2017 01:55