Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті «DoingBusiness» рейтингінде «Халықаралық сауда» индикаторы бойынша Қазақстан Республикасының позицияларын жақсарту мақсатында, дөңгелек үстел өткізді

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті  «DoingBusiness» рейтингінде «Халықаралық сауда» индикаторы бойынша Қазақстан Республикасының позицияларын жақсарту мақсатында, дөңгелек үстел өткізді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті (әрі қарай – Департамент), ағымдағы жылғы 12 қаңтарда Атырау облысы әкімдігінің мәжіліс залында, өңірдегі өндірушілермен және экспорттаушылармен, кәсіпкерлер палатасы және сәйкестікті растау органдары және сынау орталықтары өкілдерінің қатысуымен, сәйкестікті бағалау туралы құжат және тауардың шығу тегі туралы сертификат алу кезінде туындайтын нақты проблемалық мәселелерді шешу және «DoingBusiness» рейтингінде «Халықаралық сауда» индикаторы бойынша Қазақстан Республикасының позицияларын жақсарту мақсатында, дөңгелек үстел өткізді.

Doing Business рейтингі – мемлекеттің жеке меншік кәсіпорындарына қатысты құқық қолдану практикасын талдауға негізделген бизнесті жүргізу үшін қандай да бір ел ортасының ізгі ниеттілігін сипаттауға бағытталған Дүниежүзілік банктің бағасы болып табылады.

Дүниежүзілік банктің есебіне сәйкес, уақыт пен ақша шығындарының айтарлықтай бөлігі тауардың сәйкестігі мен шыққан жері туралы сертификаттарды алуға кетеді.

Департамент басшысы Салтанат Камешева техникалық реттеу және метрология Комитеті индикаторды іске асыруға жауапты ретінде тауарлардың сәйкестігі мен шығу тегі туралы сертификатын алуға уақыт және қаржы шығындарын қысқартуға бағытталған келесі шараларды қабылдады:

1. Тауардың шыққан жерінің анықтамасы блогы бойынша.

Қазіргі уақытта, жалған немесе бұрмаланған деректер ұсынылған тауарлардың шығу тегі мен тұлғалардың сертификаттар беруге уәкілетті ұйымның жауапкершілігін шектеуге бағытталған «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру мерзімдерін қысқартуды көздейтін 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 бұйрығымен бекітілген Тауардың шығу тегі туралы сертификат беру мерзімдерін қысқарту ережелеріне өзгерістер енгізіледі.

2. Экспортқа шығарылған тауарларға сәйкестікті растау рәсімін жеңілдету туралы.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, экспорттық рәсімдерді жасау кезінде экспорттаушылардан сәйкестік сертификатын талап ету көзделмеген, сәйкестікті бағалау туралы құжат(сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация) Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды және ЕАЭО кедендік аумағына енгізу (импорттау) кезінде қажет.

Бірақ жеке импорттаушы елдермен жасалған келісімдер, жеткізу туралы шарттар жасау кезінде сәйкестік сертификатын ұсыну туралыталаптар белгіленеді, ол экспорттаушылардан экспорттық рәсімдерді жасау кезінде ұсынуды талап етеді.

«Тауарлардың экспорты бойынша кейбір мәселелері туралы» 20.11.2017 жылғы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бұйрығы қабылданды, оған сәйкес экспортқа арналған өнімдер экспорттаушы көзделген құжаттарды талдау арқылы (9 схемасын тестілеу жоқ оңайлатылған сертификаттау схемасына сәйкес сертификатталған болады, оған сәйкес қоса беріледі) демек оны алу уақытын 1 күнге дейін қысқартады және қаржылық шығындары экспортын қысқартуға мүмкіндік береді.

Бұл жағдайда, ҚР СТ 3.4-2008 бекітілген сертификат нысанындағы 12-бағандағы сәйкестікті растау органдар «ЭКСПОРТАЛАТТЫҢ» белгісімен сертификат алудың мақсатын білдіреді және осындай өнімдер Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарулыға және сатылуға құқығы жоқ.

Жоғарыда аталған бұйрық «ҰАО» ЖШС-ның 21.11.2017 жылғы шығыс № 21-01-10-4/17-11/02-6094 хатымен сертификаттау органдарының назарына жеткізілді және «ҰАО»ЖШС сайтында орналастырылған.

Комитет аттестаттау жөніндегі органдарды сертификаттау бойынша экспорттаушылардың өтінімдерін кешіктірмеу туралы шараларды қабылдау қажеттігі туралы, сондай-ақ экспорттаушыларға сәйкестік сертификатын алудың құны мен уақыты туралы хабардар ету қажеттілігі туралы директивтік хат жіберді, сертификаттау органдарына осы ұйымдардың қоғамдық қол жетімді Интернет-ресурстарына орналастыру ұсынылған.

Шараның соңында, Департамент басшысы тауарлардың сәйкестігі мен шығу тегі туралы сертификатын алу кезінде туындайтын мәселелі сұрақтарды шешу бойынша өндірушілер мен экспорттаушыларға кеңес ретінде көмек беруге Департамент әрдайым дайын екендігін атап өтті.

 


Мақаланың шыққан күні: 16.01.2018 01:25

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.01.2019 14:12

Қаралым саны: 2071