Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.07.2020

Қызметтер

Дайрабаева Айдана Талапқызы

Дайрабаева Айдана ТалапқызыҚатысушының аты-жөні: Дайрабаева Айдана Талапқызы- І санатты бастауыш сынып мұғалімі.

Мекеме: Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп

Номинация: Өндірістің үздік жас маманы

Қысқаша мінездеме: Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектепте 2010 жылдан бері қызмет етіп келеді. Сол жылдан бастап қазірге дейін мектептегі және мектептен тыс қоғамдық шараларға белсене қатысады. Айдана-шәкірт жүрегіне жол таба білген жаңашыл, жаңалыққа жаны құмар ұстаз. Оқушыларды үнемі шығармашылыққа баулу мақсатында баспасөз беттеріне шәкірт жұмыстары жарияланып отырады. Сондай-ақ бірлестік жетекшісі, шығармашыл топтың мүшесі болып мектепте қосымша қызмет атқарады. 2017-2018 ж аудан, облыс көлемінде бірнеше жетістіктерге жетіп, шәкірттерінің де жетістіктерін облыс көлемінде көрсете белді. Шәкірті Еңсеген Айтгүл облыстық шығармашылық байқауынан бірінші орынды иеленді. Айдананың мінезі ашық, ақкөңіл, көпшіл тез тіл табысқыш. Мектеп, аудандық, облыстық байқаулардан жүлдегер атанып, еңбегі еленіп, бірнеше дипломмен марапатталды. 2018 жылы «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» атанды.Оқушы мен ата-ана ықыласына бөленген ұстаз.

Қосымша мәлімет: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,Миялы ауылы ұялы тел: 87058620087


Мақаланың шыққан күні: 12.07.2018 06:24

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.07.2018 15:36

Қаралым саны: 4257