Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.04.2020

Қызметтер

Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының 15.06.2018 жылы өтетін Брифингте БАЯНДАМАСЫ

Атырау облысы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен 2018 жылдың 5 айында жер заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға бағытталған біршама нақты жұмыстар атқарылды.

 Жерді пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау

 Басқарманың жерді пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау бөлімімен ағымдағы жылы барлығы 97 жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілген.

Қортындысымен 82 заң бұзушылық анықталып, тексерудің тиімділігі 85пайыз құраған.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 136, 337, 338 және 339-баптарының талаптарының бұзғандығы туралы 87 заң бұзушылық субъектісі анықталды. Нәтижесінде, 87 жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік іс қозғалып, барлығы 10 млн 484 мың 129 теңге көлемінде айыппұлдар салынып, оның 5 млн 704 мың 674 теңге өз еркімен мемлекет пайдасына төленіп, 4әкімшілік іс бойынша салынған 2 млн 284 мың 750 теңге айыппұл сотпен қысқартылған.

Сондай-ақ, 87жер заңдылықтарының бұзылуын жою туралы орындалуға міндетті нұсқамалар табысталған.

Тоқтала кететін жайт, жалпы жер пайдаланушылармен мемлекеттiк жер учаскелерiн ішінара заңсыз иеленіп алу немесе уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау яғни, ӘқбтК-нің 136 бабына сәйкес жер заңдылығының бұзу фактілері басым кездеседі.

 Игерілмеген жерлер бойынша қабылданған шаралар

 Басқармамен Жер Кодексінің 92 бабына сай 1 жыл ішінде жерді нысаналы мақсатына сай пайдалануы қажеттігі туралы 2018 жылдың 5 айымен барлығы кәсіпкерлік мақсаттағы 17 жер учаскесіне ауданы 46,3716 га құрайтынжер учаскелеріне нұсқамалар (жазбаша ескертулер) табысталған.

Сонымен қатар, жер пайдаланушыға жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану қажеттігі және ҚР-ның заңнамасын бұзушылықты жою қажеттігі туралы жазбаша ескертуді табыс еткен күннен бастап жер салығы он есе ұлғайтылуға жататындығына сәйкес 2018 жылдың 5 айымен табысталған 17 нұсқамалар тізімі облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне жолданған.

 Мәжбүрлеп алу бойынша сотқа берілген талап арыздар

 2017 жылы Басқармамен берілген жазбаша ескертулер /нұсқамалар/ негізінде нысаналы мақсатына сай игерілмегенкәсіпкерлік мақсатқа берілген жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою мақсатында Басқармамен 2018 жылдың 5 айымен сот органдарына 7талап арыз/ауданы 17,26 га/ жолданған.

Нәтижесінде, 1 талап арыз /ауданы 0,06 га/ қараусыз қалдырылған, 1 талап арыз /ауданы 3 га/ қанағаттандырудан бас тартылған, 2 талап арызбен /ауданы 3,25 га/ 2 жер учаскесі мәжбүрлеп алынған, 3 талап арыз /ауданы 10,95 га/ сот органдарында қаралуда.

 

 

Атырау облысы Жердің

пайдаланылуы мен қорғалуын

бақылау басқармасы


Мақаланың шыққан күні: 02.07.2018 01:34

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.07.2018 16:03

Қаралым саны: 1120