Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.03.2020

Қызметтер

2019 жылдың II жартыжылдығына Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы

Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін басқарма басшысының бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Аталған жұмысшы топ төмендегі көрсеткіштер бойынша талдау жүргізді:

1.Ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметі:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – 2019 жылғы II жартыжылдық бойынша 1 кадрлардың ауысуы болды (өз еркімен жұмыстан босатылды);.

2) мүдделер қақтығысы - 2019 жылғы II жартыжылдық бойынша мүдделер қақтығысы болған жоқ;

3) басқарма бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілмейді:

4) рұқсат беру функцияларын іске асыру – басқарма құзіретінде рұқсат беру функциясы көзделмеген;

5) бақылау функцияларын іске асыру - басқарма құзіретінде бақылау функцияларын іске асыру көзделмеген;

6) бөлімшенің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер - жоқ.

Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:

Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі №70 «Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасын құру және оның Ережесін бекіту туралы» қаулысымен құрылып, Атырау облыстық Әділет департаментінде Заңды тұлға ретінде 2017 жылдың 11 мамырында тіркелген мемлекеттік мекеме.

Басқарманың қызмет көрсету функциялары көзделген ережесі осы Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 қаңтардағы №70 «Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасын құру және оның Ережесін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген.

Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі №73 «Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі №70 «Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасын құру және оның Ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысымен басқарманың жаңа құрылымы мен ережесіне өзгерістер енгізілді.

2. Басқармада 2019 жылғы II жартыжылдық бойынша Қазақстан Ремпубликасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетімен 9.12.2019 - 24.12.2019 жыл аралығында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2019 жылдың 9 сәуір жұмыс кезеңі үшін тексеру жүргізілді.

Тексеру нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық көріністері болған жоқ.

Басқармада 2019 жылғы II жартыжылдық бойынша Бас әскери прокуратурасы Батыс аймағының әскери прокуратурасымен 26.09.2019 – 25.10.2019 жыл аралығында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2019 жылдың 26 қыркүйек жұмыс кезеңі үшін тексеру жүргізілді.

Тексеру нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық көріністері болған жоқ.

3. 2019 жылғы II жартыжылдық бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа жарияланымдар болған жоқ;

4. Басқармаға 2019 жылғы II жартыжылдық бойынша жазбаша жеке тұлғалардан 2 өтініш, заңды тұлғалардан 2 өтініш тіркеліп, барлығына уақытында жауап берілді.

Басқарма басшысының жеке қабылдауына жеке және заңды тұлғалар тіркелмеді.

5. прокурорлық қадағалау актiлерi – II жартыжылдық бойынша жоқ;

6. сот актілері – II жартыжылдық бойынша жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 16.01.2020 09:25

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.01.2020 09:25

Қаралым саны: 79