Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
31.03.2020

Қызметтер

2019 жылдың I жартыжылдығына Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы

Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін басқарма басшысының бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Аталған жұмысшы топ төмендегі көрсеткіштер бойынша талдау жүргізді:

1.Ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметі:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – 2019 жылғы I жартыжылдық бойынша басқармадан 1 қызметкер өз еркімен қызметтен босатылды.

2) мүдделер қақтығысы - 2019 жылғы I жартыжылдық бойынша мүдделер қақтығысы болған жоқ;

3) басқарма бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілмейді:

4) рұқсат беру функцияларын іске асыру – басқарма құзіретінде рұқсат беру функциясы көзделмеген;

5) бақылау функцияларын іске асыру - басқарма бақылау функцияларын іске асыру бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүргізеді.

6) бөлімшенің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер - жоқ.

Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:

Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №5 «Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі мәселелері туралы қаулысымен құрылып, Атырау облыстық Әділет департаментінде Заңды тұлға ретінде 2015 жылдың 23 қаңтарында тіркелген мемлекеттік мекеме.

Басқарманың қызмет көрсету функциялары көзделген ережесі осы Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №5 «Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі мәселелері туралы қаулысымен бекітілген.

Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 30 мамырдағы №131 «Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мәселелері туралы қаулысымен басқарманың жаңа құрылымы мен ережесі қайта бекітілді.

Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қарашадағы №276 «Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 30 мамырдағы №131 «Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мәселелері туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулысы қайта бекітілді.

2. Басқармада 2019 жылғы I жартыжылдық бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен 2019 жылдың 05 наурызы мен 29 наурызы аралығында 2018 жылдың 01 қаңтар – 2019 жылдың 01 наурыз жұмыс кезеңі үшін тексеру жүргізілді.

Құқық қорғау органдарымен тексеру жүргізілмеді.

3. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар - 2019 жылғы 11 маусым күні бұқаралық ақпарат құралдарымен басқарма басшысының міндетін атқарушысының брифингі өтті.

4. Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша – басқармаға I жартыжылдық жазбаша келіп түскен жеке тұлғалардан 56 өтініш, заңды тұлғалардан 12 өтініш тіркеліп, барлығына уақытында жауап берілді.

Басқарма басшысының жеке қабылдауына 5 жеке тұлға тіркеліп, қабылданып, барлығына түсінік жұмыстары жүргізілді.

5. прокурорлық қадағалау актiлерi –I жартыжылдық бойынша жоқ;

6. сот актілері – I жартыжылдық бойынша жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 18.06.2019 11:09

Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.06.2019 11:09

Қаралым саны: 615