Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
09.04.2020

Қызметтер

2019 жылдың II жартыжылдығына Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы

Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін басқарма басшысының бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Аталған жұмысшы топ төмендегі көрсеткіштер бойынша талдау жүргізді:

1.Ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметі:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – 2019 жылғы II жартыжылдық бойынша кадрлардың ауысуы болған жоқ;.

2) мүдделер қақтығысы - 2019 жылғы II жартыжылдық бойынша мүдделер қақтығысы болған жоқ;

3) басқарма бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілмейді:

4) рұқсат беру функцияларын іске асыру – басқарма құзіретінде рұқсат беру функциясы көзделмеген;

5) бақылау функцияларын іске асыру - басқарма бақылау функцияларын іске асыру бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүргізеді.

6) бөлімшенің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер - жоқ.

Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:

Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №5 «Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі мәселелері туралы қаулысымен құрылып, Атырау облыстық Әділет департаментінде Заңды тұлға ретінде 2015 жылдың 23 қаңтарында тіркелген мемлекеттік мекеме.

Басқарманың қызмет көрсету функциялары көзделген ережесі осы Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №5 «Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі мәселелері туралы қаулысымен бекітілген.

Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 30 мамырдағы №131 «Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мәселелері туралы қаулысымен басқарманың жаңа құрылымы мен ережесі қайта бекітілді.

Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қарашадағы №276 «Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 30 мамырдағы №131 «Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мәселелері туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулысы қайта бекітілді.

2. Басқармада 2019 жылғы II жартыжылдық бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 11-29.11.2019 жыл аралығында 2019 жылдың 01.01.2018 - 31.12.2018 жұмыс кезеңі үшін тексеру жүргізілді.

Тексеру нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық көріністері болған жоқ.

Құқық қорғау органдарымен тексеру жүргізілмеді.

3. 2019 жылғы II жартыжылдық бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа жарияланымдар болған жоқ;

4. Басқармаға 2019 жылғы II жартыжылдық бойынша жазбаша жеке тұлғалардан 137 өтініш, заңды тұлғалардан 32 өтініш тіркеліп, барлығына уақытында жауап берілді.

Басқарма басшысының жеке қабылдауына 2 жеке тұлға тіркеліп, қабылданып, барлығына түсінік жұмыстары жүргізілді.

5. прокурорлық қадағалау актiлерi – II жартыжылдық бойынша жоқ;

6. сот актілері – II жартыжылдық бойынша жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 27.12.2019 17:24

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.12.2019 17:24

Қаралым саны: 126