Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
14.07.2020

Қызметтер

2018 жылдың I жартыжылдығына Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы

Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін басқарма басшысының бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Аталған жұмысшы топ төмендегі көрсеткіштер бойынша талдау жүргізді:

1.Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – 2018 жылғы I жартыжылдық бойынша басқармадан 1 қызметкер өз еркімен қызметтен босатылды.

2) мүдделер қақтығысы - 2018 жылғы маусымдағы жағдай бойынша мүдделер қақтығысы болған жоқ;

3) басқарма бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілмейді:

4) рұқсат беру функцияларын іске асыру – басқарма құзіретінде рұқсат беру функциясы көзделмеген;

5) бақылау функцияларын іске асыру - басқарма бақылау функцияларын іске асыру бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүргізеді.

6) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер - жоқ.

Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:

Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №5 «Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі мәселелері туралы қаулысымен құрылып, Атырау облыстық Әділет департаментінде Заңды тұлға ретінде 2015 жылдың 23 қаңтарында тіркелген мемлекеттік мекеме.

Басқарманың қызмет көрсету функциялары көзделген ережесі осы Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №5 «Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі мәселелері туралы қаулысымен бекітілген.

Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 30 мамырдағы №131 «Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мәселелері туралы қаулысымен басқарманың жаңа құрылымы мен ережесі қайта бекітілді.

2. Басқармаға Атырау облысы прокуратурасының 2018 жылғы 5 сәуірдегі №2-05-18-02785 тексеру жүргізуді тағайындау туралы қаулысына сәйкес тексеру жүргізілді.

Атырау облысы прокуратурасымен жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық көріністері анықталған жоқ.

3. бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар - 2018 жылғы 15 маусым күні бұқаралық ақпарат құралдарымен басқарма басшысының брифингі өткізілді.

4. Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша – басқармаға 2018 жыл бойынша жазбаша келіп түскен жеке тұлғалардан 55 өтініш, заңды тұлғалардан 11 өтініш тіркеліп, барлығына уақытында жауап берілді.

Басқарма басшысының жеке қабылдауына 4 жеке тұлға тіркеліп, қабылданып, барлығына түсінік жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, басқарма ғимаратында жеке және заңды тұрғалардан келіп түскен өтініштерді қабылдау жәшігі орналасқан.

5) прокурорлық қадағалау актiлерi бойынша – 1 (бір) заң бұзушылықты жою туралы;

6) сот актілері - бойынша 2 (екі) жеке қаулы түсті.


Мақаланың шыққан күні: 20.06.2018 02:12

Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.06.2018 10:24

Қаралым саны: 1294