Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.04.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілермен ұсынылатын ақпараттың нысаны

І. Кіріспе 1).Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуын жою мәселелері және жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бойынша жер саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, тиісті жұмыстарды ұйымдастыру мен атқару.

2). Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді: Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы, zemelnyj12 @mail.ru , Тел: 45-15-05

/заңды тұлға,/ электронды поштаның мекенжайы/ телефон нөмірі.

3). Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі: басталды 25 желтоқсан 2017 жыл аяқталды 29 желтоқсан 2017 жыл

4). Бақыланатын кезең: 2017 жылдың II жартыжылдығы бойынша қызмет

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім: Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілердің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.

Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №5 «Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі мәселелері туралы қаулысымен құрылып, Атырау облыстық Әділет департаментінде Заңды тұлға ретінде 2015 жылдың 23 қаңтарында тіркелген мемлекетті мекеме.

Басқарманың Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – 2017 жылғы 29 желтоқсандағы жағдай бойынша басқармадан 1 қызметкер өз еркімен қызметтен босатылды.

Ол, Басқарманың жерді пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы өз еркімен 27.11.2017 жылғы №83 бұйрықпен;

2) мүдделер қақтығысы - 2017 жылдың II жартыжылдығы бойынша мүдделер қақтығысы болған жоқ;

3) басқарма бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілмейді:

4) рұқсат беру функцияларын іске асыру – басқарма құзіретінде рұқсат беру функциясы көзделмеген;

5) бақылау функцияларын іске асыру - басқарма бақылау функцияларын іске асыру бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүргізеді.

6) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер - жоқ.

Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:

Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №5 «Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі мәселелері туралы қаулысымен құрылып, Атырау облыстық Әділет департаментінде Заңды тұлға ретінде 2015 жылдың 23 қаңтарында тіркелген мемлекетті мекеме.

Басқарманың қызмет көрсету функциялары көзделген ережесі осы Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №5 «Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі мәселелері туралы қаулысымен бекітілген.

Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 30 мамырдағы №131 «Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мәселелері туралы қаулысымен басқарманың жаңа құрылымы мен ережесі қайта бекітілді.

2. Басқармаға қатысты мемлекеттік органдармен тексерулер жүргізілмеді.

3. бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар – 2017 жылғы қыркүйек айының ішінде бұқаралық ақпарат құралдарымен басқарма басшысының брифингі өткізілді.

4. Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша – басқармаға 2017 жыл бойынша жеке тұлғалардан 153 өтініш, заңды тұлғалардан 50 өтініш келіп түсті барлығына уақытында жауап берілді.

Сонымен қатар, басқарма ғимаратында жеке және заңды тұрғалардан келіп түскен өтініштерді қабылдау жәшігі орналасқан.

5.прокурорлық қадағалау актiлерi бойынша – 4 (алты) заң бұзушылықты жою туралы;

6. сот актілері -бойынша 1 (бір) жеке қаулы түсті.

Қорытынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар.

Басқарма жоғарыда көрсетілген мәліметтер нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ішкі талдау жүргізіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ екенін анықтады.


Мақаланың шыққан күні: 04.01.2018 23:27

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.01.2018 23:27

Қаралым саны: 960