Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.04.2020

Қызметтер

33 бизнес жоба жасақталды

Аудандық кәсіпкерлік бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарларға сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Бөлім қызметкерлерiнiң және олардың жұбайларының жыл сайынғы декларация беруiн бақылау ұйымдастырылып, кәсіпкерлерге бөлім арқылы көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттар және қолдаулар жөніндегі мәліметтер бөлімнің фойесінде орналастырылды. Жыл басынан бөлімге келген 93 жеке тұлғалар мен кәсіпкерлерге (несие қаражатын алу, кәсіпкерлік ашу және т.б.) түсініктер беріліп, 33 бизнес-жобалар жасақталып, несие қаражатын алу үшін кепілге салынатын жылжымайтын мүлік құжаттарын қарау және құжаттарды түзету жүргізіліп, 100 әр түрлі қолдау түсіндірмелері бар бетшелер таратылды.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiктi арттыру мен қайта даярлау курстарында оқыту бекiтiлген кесте бойынша қамтамасыз етiлiп, 2018 жылы жағдай бойынша 1 мемлекеттiк қызметшi оқытылды.

Сондай-ақ, биылғы жылдың 25-27 сәуір аралығында ауданның барлық округтерінде облыстық басқарма, аудандық бөлім, мекеме басшылары ауыл тұрғындарының қатысуымен өткен мәжілісте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметтің жаңа моделіне байланысты, бөлім қызметінің басым бағыттары, Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша түсінік берілді. Мәжілісте халықты толғандыратын мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары нақтыланады. Мұның өзі қоғамымызда сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың алдын алудың немесе жолын кесудің, бірден бір алғы шарты.

 

 

 

Зинеш САРБУФЕЕВА,

Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік

бөлімінің басшысы


Мақаланың шыққан күні: 12.07.2018 03:38

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.07.2018 03:38

Қаралым саны: 981