Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
15.07.2020

Қызметтер

Адал ұрпақтың абыройы асқақ

Заманымыздың ертеңін жасайтын жас ұрпақты білімді, саналы етіп тәрбиелеумен қатар, қазіргі қоғам дерті – жемқорлық пен сыбайластықтан таза тұлғаларды қалыптастыру қазіргі қоғамымыздыңбасты назарындағы міндеттерінің бірі. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Осы мәселеге орай, білім беру ұйымдарында «Адал ұрпақ» еріктілер клубы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайтуға, оның ішінді мектеп оқушыларының заң талаптарын сақтауға, ынтасын қалыптастыруға, білім және мәдени деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізуде. Бағдарлама бойынша алғашқы қадамдар әр мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабырға көрнекілігін дайындау, кіреберіс орындарға сенім жәшігін орналастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды меңгеру мақсатында құқық қорғау қызметкерлерімен кездесулер жүргізілді. Жас ұрпаққа мектеп қабырғасында беріліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жұмыстары адал, өз ісіне берік, жауапкершілігі мықты азаматтарды қалыптастыратынына сеніміміз мол және бұл жұмыстар үздіксіз жалғасын табады.

 

Қызылқоға аудандық

білім бөлімінің басшысы А.Бағдаров


Мақаланың шыққан күні: 27.05.2019 15:56

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.05.2019 15:56

Қаралым саны: 774