Array Жиі қойылатын сұрақтар | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.04.2017

Қызметтер

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұрақ: Мен Жас кәсіпкермін. Кәсіпкерлерге қайтарымсыз 3 млн. теңге ақша берілетіндігін естідім. Оны қалай алуға болады?

Жауап: «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.

Мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында және Бағдарламаның 2-қосымшасына сәйкес өңдеуші өнеркәсіп салаларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде және моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде салалық шектеусіз беріледі.

Бір кәсіпкер үшін ең жоғары  грант сомасы 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды.

 


 

Сұрақ: Мен ауылда шаштараз кәсібін бастап жатырмын. Қазіргі кезде шаштараз ғимаратының құрылысын аяқтап қойып керек құрал-жабдықтардың барлығын сатып алдым. Ендігі кәсібімді одан әрі жалғастыру несие алайын деп едім, осы үшін мемлекет тарапынан қандай көмек алуға болады?

Жауап: Қазіргі уақытта «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге екінші деңгейлі банктер арқылы жылдық сыйақы мөлшерлемесі 19 пайыздан аспайтын несие субсидияланды, оның ауыл кәсіпкерлері үшін 10 және қала кәсіпкерлері үшін 7 пайызын мемлекет өтейді, айырмасын кәсіпкер төлейді. Сонымен қатар Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 7 пайызбен 4 жылға несие алуға болады, минимальды несие сомасы – 500 мың теңге, максималдысы – 17 млн. теңге. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасымен 5 жылға 12 пайызбен микрокредит алуға болады, максималды берілетін қаражат – 10 млн. теңге. Соған қоса жергілікті бюджеттен екінші деңгейлі банктер арқылы 7 жылға 8,5 пайызбен несие алуға болады, бір қарыз алушыға максималды 50 млн. теңгеге дейін беріледі.

 


 

Сұрақ: Мен ауыл тұрғынымын. Шағын кәсіпкерлікпен айналысуды көптен бері ойлап жүр едім. Кәсібімді бастау үшін несие алайын деп едім, банктердің шарттары бойынша несие алуға кепілдік қажет етеді. Ал, менің кепілдікке салар үйімді банктер алмайды. Сұрағым, кепілдіксіз мемлекеттік бағдарламалар арқылы шағын кәсіпкерлерге несие беру қарастырылған ба?

Жауап: Егерде кепіл мүлкі жетіспеген жағдайда, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге 85-%, ісін жалғастырушы кәсіпкерлерге 50%-ға дейін кепілдеме беру қарастырылған. Сонымен бірге, 2013 жылдан бері жергілікті бюджеттен де ауыл кәсіпкерлерін қолдау мақсатымен қаражат бөлініп келеді. Бұндай бағдарлама Республиканың басқа облыстарында әлі жоқ. Аталған бағдарлама бойынша әр кәсіпкерге 17 млн.теңгеге дейін, жылына 7%-бен несие беру көзделген. Аталған бағдарлама Ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы жүзеге асырылатындықтан, Қормен кепіл мүлкіне келгенде қойылатын талаптар Банктердің талаптарынан жеңілдеу болып келеді.

 


 

Сұрақ: Сұрағым, мемлекет тарапынан кәсіпкерлік үшін қайтарымсыз қаражат беріледі деп естідім, аталған қаражатты қалай алуға болады?

Жауап: «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идея болып жатса мемлекет тарапынан қайтарымсыз 3 млн. теңгеден аспайтын грант ұтып алуға мүмкіндік бар. Яғни аталған грантты ұтып алу үшін, сіздің жобаңыз сол орналасқан өңірде жоқ немесе бұрын қолданылмаған жаңа технологиялар арқылы жүзеге асуы қажет. Осы жылы мемлекеттік грантты беру үшін конкурс өткізіліп қаражат кәсіпкерлерге берілді. Ендігі конкурс келесі жылы өткізіледі.

 


 

Сұрақ: Кәсіпкерлікпен айналысқысы келетіндерге мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетіледі?

Жауап: «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін ауыл тұрғындарына шағын несие беру және кәсіпкерлік негізіне оқыту қарастырылған. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша семинар-кеңестер өткізіледі. Аталған бағдарламалар бойынша шағын несие алу бойынша Ауыл шаруашылығы басқармасына, ал оқу, кеңестер алу үшін Кәсіпкерлік индустриялық-инновациялық даму басқармасына жолығуға болады.

 


 

Сұрақ: Мен кәсіпкермін, өзімнің өндірісім үшін жаңа құрал-жабдықтар алғым келеді? Үкіметтен қандай көмек алуыма болады?

Жауап: Қазіргі уақытта өңірде «Бизнестің жол картасы -2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша несие алу үшін облыстағы екінші деңгейдегі банктерге тапсырыспен жүгінуіңіз керек. Бағдарлама бойынша несиелендіру туралы басты шешімді банк өз талаптарына сәйкес қабылдайды. Жобаны банк мақұлдаған жағдайда, несиеңізді кепілдендіру және субсидиялау үшін, банктің кепілхатын бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне тапсырасыз. Бюджет қаржысынан Сіздің банктен 19 пайызбен алатын несиеңіздің 12 пайызы субсидияланады.


Мақаланың шыққан күні:: 16.06.2016 11:43
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 13.10.2016 18:49